6В02304 – Филология: қазақ филологиясы; журналистика және қазақ/қытай тілдерінде құжаттану.

Шифр-мамандықтың атауы:

6В02304 – “Филология: қазақ филологиясы; журналистика және қазақ/қытай тілдерінде құжаттану”.

Аккредитациядан өтуі:

2018 жылдың   желтоқсан айында  ҚР «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден  5 жылға сәтті өтті (05.04.2019-04.04.2024 ж. дейін жарамды, Тіркеу нөмірі: №АВ2170,  Берілген күні – 5 сәуір, 2019 жыл.)

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі – 4 жыл, 3 жыл;

Қашықтан оқыту – 2 жыл

Берілетін дәрежесі:

6В02304 – “Филология” мамандығы бойынша гуманитарлық білім бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы

  • білім беру (педагогикалық) мекемелері;
  • ғылыми-зерттеу институттары, мекемелер;
  • баспа ісі, теле және радио саласы, кадр бөлімдері және т.с.с.;
  • негізгі филологиялық білімді талап ететін басқа да кәсіптік қызмет көрсететін мекемелер.

Кәсіби қызметінің нысандары 

  • жоғары оқу орны;
  • орта /оның ішінде гимназиялар, лицейлер/ және арнаулы орта оқу орындары;
  • ғылыми-зерттеу мекемелері;
  • газет, журналдардың редакциялары, радио мен телевидение және баспа орындары;
  • басқарма мекемелері;
  • аудармашылар мен референттер қажет ететін түрлі мекемелер;

Кәсіби қызметінің түрлері 

  • ғылыми-зерттеу;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық; оқу жұмысын ұйымдастыру, редактор, корректор, референт және т.б.;
  • негізгі филологиялық білімді талап ететін басқа да кәсіптік қызметтер;
  • қазақ және қытай тілдерінде құжаттанушы.

Кәсіптік пәндер:

  • қазақ тілінің синхронды-диахрондық және әлеуметтік лингвистикалық аспектілері;
  • Қазақ, әлем әдебиеті;
  • қазақ және қытай тілдерінде құжаттану.

Практика базалары:

  • «Ақтөбе гуманитарлық колледжі» МКҚК
  • «Ақтөбе политехникалық колледжі» МКҚК
  • «Ақтөбе-Медиа» ЖШС
  • “Qazaqstan-Aqtóbe” телеарнасы
  •  «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы