Тікелей байланысқа шығады

Жұбанов университетінің білім алушыларымен байланыста болу және оларды толғандыратын мәселелерге жауап беру үшін факультет декандары әлеуметтік желілерде тікелей байланысқа шығуды бастаған болатын.
Күні кеше филология факультетінің деканы Күлзат Садирова тікелей байланысқа шықты. Факультет деканымен байланыс барысында білім алушыларды қашықтықтан оқыту туралы, аудиториялық оқудың басталу уақыты, жатақханаға ақысы туралы сұрақтар қойылды. Сонымен қатар факультет деканы академиялық ұтқырлық, қос дипломды білім беру, жеңілдік алу, сондай-ақ, университетті биылғы бітіретін түлектерге қатысты диплом жұмыстары мен магистрлік диссертацияны антиплагиаттан өткізу сынды бірқатар мәселелерге тоқталды.
Айта кетейік, педагогика факультетінің деканы Жанна Жусупова 2 сәуір күні сағат 15.00-де @zhubanov_ped инстаграм парақшасында , сондай-ақ кәсіби-шығармашылық факультетінің деканы Сабыржан Мұхтаров пен кафедра меңгерушілері 3 сәуір күні 20.30-да @zhubanov_ptf инстаграм парақшасы арқылы байланысқа шығады.