6В02305 – Филология: орыс филологиясы; журналистика және орыс/қытай тілдерінде құжаттану.

Шифр-мамандықтың атауы:

6В02305 – “Филология: орыс филологиясы; журналистика және орыс/қытай тілдерінде құжаттану”.

Аккредитациядан өтуі:

2018 жылдың   желтоқсан айында  ҚР «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден  5 жылға сәтті өтті (05.04.2019-04.04.2024 ж. дейін жарамды, Тіркеу нөмірі: №АВ2170,  Берілген күні – 5 сәуір, 2019 жыл.)

Оқу түрі, мерзімі:

Күндізгі – 4 жыл.

Берілетін дәрежесі:

6В02305 – “Филология” мамандығы бойынша гуманитарлық білім бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы

  • білім беру (педагогикалық) мекемелері;
  • ғылыми-зерттеу институттары, мекемелер;
  • білім беру саласын басқару;
  • мәдениетаралық коммуникация;
  • БАҚ;
  • баспа ісі;
  • негізгі филологиялық білімді талап ететін басқа да кәсіптік қызмет көрсететін мекемелер.

Кәсіби қызметінің нысандары 

  • орта /оның ішінде гимназиялар, лицейлер/ және арнаулы орта оқу орындары;
  • ғылыми-зерттеу мекемелері;
  • газет, журналдардың редакциялары, радио мен телевидения және баспа орындары;
  • басқарушы органдар;
  • жарнама агенттіктері;
  • аудармашылар мен референттер қажет ететін түрлі мекемелер;

Кәсіби қызметінің пәні:

  • орыс тілінің салыстырмалы-тарихи және әлеуметтік лингвистикалық аспектілері;
  • орыс, әлем әдебиеті.

Кәсіби қызметінің түрлері 

  • ғылыми-зерттеу – мұғалім-зерттеуші ретінде, сондай-ақ түрлі фондтар мен жобалардың қызметкері ретінде;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық – мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы әртүрлі деңгейдің басшысы ретінде;
  • редакторлық – баспа редакторы ретінде;
  • дикторлық –БАҚ қызметкері ретінде;
  • орыс/қазақ/қытай тілдерінде құжаттанушы.

Практика базалары:

  • Ақтөбе қаласындағы «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» АҚ;
  • «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы