Газеттегі мақала

Филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Әлия Ұлықпанованың мақаласы «Білімді ел» республикалық білімділік қоғамдық-саяси газетінде жарияланды. Қашықтан оқыту жүйесіне көшкен кезден оқытушылардың дәрістері мен практикалық сабақтарын өткізу үшін игерген «XRecorder» пен «DU Recorder», «Zoom» және тағы да басқа бағдарламалардың тиімді тәсілдерін игергенін атап өтті. Онлайн сабақ жүргізу жүйесіне көшу барысында компьютердің әр тетігінің тілін табу барысында жаңа бағдарламаны ұршықша иіретіндігімізге оқытушының сенімі мол. Университетіміздің ұйымшыл ұжымы жалпы оқу үдерісін тоқтатпаудың барлық мүмкіндіктерін кеңінен қарастыруға кіріскенін айтады. Қазіргі жастар жаңа технологияның жетістіктерін пайдалануға тез бейімделуде, сабаққа ынтасы зор және дайындықтары да жоғары дәрежеде. Білмегенді – үйренуден, білгенді – өзгеге үйретуден жалықпайтындығымызға сеніңіздер деп қорытынды жасады.

БІЛІМДІ ЕЛ - 31. 03. 2020 - №12 (217)_compressed