Ынтымақтастық

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті филология факультетінде «Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасының (кафедра меңгерушісі Б.С.Карагулова) ұйымдастыруымен “Жаңартылған білім бағдарламасына көшуде оқу және оқытуды бағалау” тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар өтті. Семинарға Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінен ф.ғ.д., профессор Ермекова Т.Н., ф.ғ.к, доцент  Отарбекова Ж.К., Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінен аға оқытушы Бақбергенова Р.Қ., М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен философия докторы, PhD Сұлтаниязова И.С., «Қазақ филологиясы» кафедрасының меңгерушісі, PhD, аға оқытушы Ақбулатов А.А. және аға оқытушы, магистр Турғаналиева Г.Г., С.Баишев атындағы Ақтөбе университетінен ф.ғ.к., “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының меңгерушісі  Исина Ж.А. және университеттің оқу-әдістемелік бөлімінің әдіскерлері, факультеттердің ПОҚ мен университет басшылары қатысты. ZOOM платформасы арқылы өткен семинар жұмысына  60-қа жуық адам онлайн байланысқа  шығып, тақырыптарды кең ауқымда талқылады.

Семинар барысында «Оқу тапсырмаларының типтері» (К.Садирова), «Критериалды бағалаудың оқу-танымдық қызметті дамытудағы рөлі» (Б.Құрманова), «QS арқылы тестілеудің тиімділігі» (Ж.Отарбекова), «Жаңартылған мазмұнда білім беруде қолданылатын тиімді әдістер» (Ж.Исина), «Жаңартылған мазмұнда білім беру жүйесіндегі қалыптастырушы бағалау» (А.Кушкимбаева), «Проблемалық оқыту тәжірибесі» (Г.Есенова), «Синтаксистік ережелерді формалдау және автоматтандыру» (Д.Бекниязова)  тақырыптарында баяндамалар оқылды.

Республикалық деңгейде өткен онлайн семинар жұмысы қатысушылар арасында  қызығушылық тудырып, болашақта «көшпелі»  формада өткізу  туралы ұсыныс білдірді.