Онлайн олимпиада қорытындысы

2020 жылы 2-6 сәуір аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша облыстық пәндік онлайн олимпиада өтті.

Олимпиадаға Ақтөбе қаласы мен облысы бойынша 27 оқушы қатысты.
Ауызша және жазбаша кезеңдердің нәтижесі бойынша олимпиада жеңімпаздары анықталды. Барлық қатысушылар сетрификат иеленді.

Жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ деңгейлі дипломдармен марапатталды.

«Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша:
I деңгейлі диплом – Джабраилова Азарь (95 балл),
II деңгейлі диплом – Сарсенова Дарья (93 балл),
III деңгейлі диплом – Бердибаева Диана (91 балл).

«Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша:
I деңгейлі диплом – Кужагулов Алмат (95 балл),
II деңгейлі диплом – Нуралина Асемгуль (92 балл),
III деңгейлі диплом – Алтай Алишер (90 балл).

Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз.