7M02303 – Шетел филологиясы
Шифр – мамандықтың атауы:
7M02303 – Шетел филологиясы
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
–
Оқу түрі, мерзімі:
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім: ғылыми-педагогикалық бағытта – 2жыл, бейіндік бағытта – 1-1,5 жыл
Берілетін дәреже:
7M02303 – Шетел филологиясы мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі
Кәсіби қызметінің саласы:
Шетел филологиясы мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Ғылыми-зерттеу институтының жетекші маманы, ғылыми референт-филолог, мемлекеттік мәдениет және әдебиет ұйымдарындағы әдеби қызметкер ретінде, ғылыми аудармашы ретінде, баспа басылымдарында және арнайы журналдардың басылымдарында кеңесші ретінде жұмыс істей алады.
Кәсіби қызметінің нысандары:
Магистратура түлектерінің кәсіби қызмет нысандары университеттер мен ғылыми ұйымдар, мәдениет мекемелері, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер, редакция және баспалар болып табылады.
Кәсіби қызметінің пәні:
жалпы ғылыми әдіснама және филология ғылымының ғылыми-теориялық аппараты, кәсіптік қызметтің әдістері мен принциптері, редакциялау, реферат және аннотация, іскерлік келіссөздер жүргізу және т.б.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- ғылыми-ұйымдастырушылық;
- ғылыми-зерттеу;
- ғылыми-педагогикалық;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- өндірістік-технологиялық;
- редакция және баспа;
- мәдени және ұйымдық;
- бұқаралық ақпарат құралдарындағы қызмет және т.б.
Практика базалары:
Ақтөбе гуманитарлық колледжі, Ақтөбе политехникалық колледжі, «Рифма», «Шамшырақ Ақтөбе» БАҚ ұйымдары, «Дарина» лингвоорталығы, «ISMA» оқу орталығы, «DreamBuilders» ЖШС, «Международное обучение» ЖШС, «A-school» оқу орталығы.