6В02302 – Аударма ісі
Шифр-мамандықтың атауы:
2020-2021 оқу жылына арналған Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы бойынша Major – Minor жобасы аясында 6В02302 – Аударма ісі білім беру бағдарламаcы жасалды.
6В02302 – Аударма ісі білім беру бағдарламасы бойынша:
Major – Аударма ісі
Minor – Туристік қызметті ұйымдастыру келесі пәндерден тұрады:
- Туризм
- Курорттық бизнес
- Экскурсиялық зерттеулер
- Халықаралық туризм географиясы
- Визалық және туристік брондау қызметі
- Ақтөбе облысының туристік-рекреациялық әлеуеті.
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2017 жылдың желтоқсан айында «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті (Куәлік 22.12.2017 бастап 21.12.2022 дейін жарамды, Тіркеу нөмірі № АВ1500).
Оқу түрі, мерзімі:
күндізгі: 4 жыл.
Берілетін дәреже:
6В02302 – Аударма ісі мамандығы бойынша гуманитарлық білім бакалавры.
Кәсіби қызметінің саласы:
– административті-басқару жүйесі саласы;
– білім және ғылым саласы;
– мәдениет және мәдениетаралық қарым-қатынас саласы;
– халықаралық қатынас саласы;
– баспа ісі саласы;
– бұқаралық-ақпаратты құралдар саласы;
– ақпараттық-сараптама саласы және басқа салаларда.
Кәсіби қызметінің нысандары:
Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысаны болып мәдениет мекемелері, халықаралық ұйымдар, әр түрлі ақпараттық-талдау орталықтары, елшілік өкілдіктер, министрліктер, туризм агенттігі, баспалар, аударма бюросы және басқа да ұйымдар мен кәсіпорындар табылады.
Кәсіби қызметінің пәні:
Түрлі жанр мен стильдегі түпнұсқа мәтіндерін аудару түрлері.
Кәсіби қызметінің түрлері:
– аудармашылық (түрлі жанрдағы мәтіндер мен құжаттардың жазбаша аудармасы, келіссөздер, халықаралық кездесулер мен конференциялардың ауызша аудармасы);
– ұйымдастырушылық (түрлі шараларды ұйымдастыру және өткізу, кәсіби және қоғамдық органдар мен ұйымдарды құру);
– өндірістік-басқарушылық (отандық немесе шетелдік, біріккен кәсіпорындардың, ұйымдардың тиісті бөлімшелерінде кәсіби міндетті (әр түрлі аударманың түрлері) орындау немесе басқару);
– ақпараттық-талдау (саяси әлеуметтік талдау жасау, ресми іс қағаздар жазу, есептер, шолу, жағдайларда болжау жасау, аударманы редакциялау);
– ғылыми-зерттеу (аударматану және мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелері бойынша ғылыми мақалалар мен баяндамалар жасау, практикалық материалды жинау және өндеу).
Практика базалары:
«Intense Pro» аударма бюросы, ЖШС «ОилТехноГрупп», ЖШС «Ада Оил», КазМұнайГазӨнімдері, Ратэк ЕАЭС, Языковой центр ELS, ТеплоГазСервис.