7М02302 – Аударма ісі

Шифр, мамандықтың атауы:

7М02302 – Аударма ісі магистратурасы бойынша білім беру бағдарламасы

Берілетін дәреже

7М02302 – Аударма ісі білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық білім магистрі

ББ мақсаты қазіргі заманғы аударма әдіснамасы мен теориясының негізгі ғылыми ұғымдары туралы іргелі білімі бар, сондай-ақ ұлтаралық қатынас құралы ретінде мемлекеттік, орыс және шет тілдерін сапалы білетін және аударма дағдысы бар жоғары білікті аудармашыларды дайындау болып табылады.

7М02302 – Аударма ісі білім беру бағдарламасының магистранты белгіленген тәртіпте өзінің кәсіби қызметін мемлекеттік органдарда, баспаларда, коммерциялық компанияларда, туристік агенттіктерде, білім және ғылым саласында; мәдениет және мәдениетаралық коммуникация саласында; халықаралық байланыстар саласында жүзеге асыра алады.

Маман лауазымдарының тізімі:

Аудармашы-менеджер

Ауызша синхронды аудармашы

Ауызша дәйекті аудармашы

Жазбаша техникалық аудармашы

Көркем әдебиетті жазбаша аудармашы