7М01704 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

Шифр, мамандықтың атауы:

7М01704 – “Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті”

Оқу түрі, мерзімі:

күндізгі – 2,  1-1,5 жыл

Берілетін дәрежесі:

  • 7М01704 – “Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі;
  • 7М01704 – “Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша білім магистрі.

Кәсіби қызметінің салалары:

  • орта, жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық қызмет;
  • ғылыми-зерттеу институттары, т.б. мекемелер.

Кәсіби қызметінің нысандары:

  • ғылыми-зерттеу мекемелері;
  • мемлекеттік басқару органдары;
  • оқу орындары (ЖОО, арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер, мамандандырылған мектептер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары).

Кәсіби қызметінің пәні:

  • жаңашыл психологиялық-педагогикалық әдістер мен тәсілдерді пайдаланып білім алушыларға оқу және тәрбие беруді ұйымдастыру;
  • ЖОО білім беру үдерісі аясында магистрлердің зерттеу қызметін ұйымдастыру;
  • білім беру жүйесін басқаруда жаңашыл үрдістеріндегі жергілікті және өкілетті органдардың қызметі.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ғылыми-зерттеу;
  • ғылыми-педагогикалық;
  • білім беру-педагогикалық;
  • ұйымдастыру-педагогикалық.

Практика  және тағылымдама базалары:

  • Ақтөбе қаласындағы №51 ОМГ ММ;
  • Орынбор мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы);
  • Н.И. Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік аграрлық университеті (Ресей Федерациясы);
  • Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей Федерациясы);
  • Оңтүстік-Оралдық мемлекеттік университеті (Ұлттық зерттеу  университеті (Ресей Федерациясы).