6В01707 – Ағылшын тілі және информатика

2021-2025 оқу жылында жаңа «Ағылшын тілі және информатика» білім беру бағдарламасын оқыту көзделіп отыр.

Білім беру деңгейі: бакалавриат

Берілетін дәреже:   «Ағылшын тілі және информатика»  білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

ББ қолдану саласы:

  • білім беру мекемелері (мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер);
  • негізгі педагогикалық білімді талап ететін басқа кәсіби қызмет көрсететін оқу орындары (оқу орталықтары);

ББ мақсаты:

ағылшын тілі және информатика пәндерінің оқытушыларын даярлау, сонымен қатар ағылшын тілін деңгейлеп оқыту арысында шағын жинақталған мектептерде екі бағытта кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру.

Ағылшын тілі және информатика мұғалімі мамандығын бітіргеннен кейінгі кәсіби қызмет түрлері:

  • бастауыш, негізгі, бейінді мектеп сыныптарында, шет тілдерін тереңдетіп оқытатын (оның ішінде бірқатар пәндерді шет тілінде оқытумен) мектепте информатика мен шет тілін оқытудың оқу процесін ұйымдастыру);
  • пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстар жүргізу;
  • тәрбие жұмысын жүзеге асыру;
  • мектептің тұтас педагогикалық үдерісі жүйесіндегі тәрбиелік педагогикалық қызмет;
  • өзінің кәсіби-педагогикалық біліктілігін жетілдіру;
  • жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру және білім беру процесінде қолдану.