Факультеттің жетістігі

Факультеттің жетістігі

Факультеттің  8  оқытушы-ғалымы  ҚР  БжҒМ  «ЖОО-ның  үздік  оқытушысы» грантының иегері:

Тектіғұл Ж.О. (2009ж.);

Садирова К.Қ. (2012ж.);

Пангереев А.Ш. (2013ж.);

Исакова С.С. (2013ж.);

Борашев Б.Т. (2014ж.);

Мусаев А.М. (2014ж.);

Балтымова М.Р. (2015ж.).

Карагулова Б.С. (2019 ж.)

Қазақстан Республикасының тәуелсіз аккредиттеу агенттігінің (НААР) рейтингісі бойынша жүлделі орындар:

2016 жыл:

  • 5В012200 – «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы 1орын;
  • 6М020500- «Филология» мамандығы ҚР ЖОО тәуелсіз рейтинг көрсеткішінде 55 ЖОО арасында 2 жыл қатарынан 3 орынды иеленді («Казахстанская правда» газеті, 2 маусым 2016 жыл);

2017 жыл:

  • 5В012200 – «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы 2 орын;
  • 5В011700 –«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 2орын («Казахстанская правда» газеті, 23 мамыр 2017 жыл).

2018жыл

  • 5В012200 – «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы 1 орын;
  • 5В011700 –«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 1 орын («Казахстанская правда» газеті 23 мамыр 2017 жыл).

2015- 2016 оқу жылы

  • Факультет мамандықтары БжҒМ тарапынан өткізілген аттестаттаудан сәтті өтті, студенттер тестілеуден жоғары көрсеткіштерге ие болды;
  • Профессорлар, филология ғылымдарының докторлары Б.Т. Бораш, А.Ш. Пангереев ҚР Педагогика Ғылымдар Академиясының академигі болып сайланды;
  • Профессор Ә.М. Молдаханов ҚР ЖОО қауымдастығының А. Байтұрсынов атындағы алтын медалімен марапатталды;
  • Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-дің 50 жылдық мерейтойына орай профессор-оқытушылар құрамы “Құрметті профессор” және  мерейтойлық төсбелгілерімен, облыс, қала әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды;
  • Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. М.Р. Балтымова  «Жылдың үздік оқытушысы-2015» мемлекеттік грантының иегері атанды.

2016 – 2017 оқу жылы

  • 2016 жылы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсында 5В020500- «Филология» мамандығы студенті Шохаев Мұстафа «Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы хандар тұлғасының көркем бейнеленуі»  атты ғылыми жұмысымен жүлделі ІІІ орын иеленді;
  • 2017 жылы 5В012200- «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»  мамандығының студенттері РФ Мәскеу қаласында өткен  (РУДН) «Факел русского языка на великом шелковом пути» халықаралық пилоттық жобаға қатысып, дипломдармен марапатталды;
  • Аға оқытушы, PhD доктор А.Т. Шетиева «Актобе: императивы времени» тақырыбы бойынша облыс әкімінің грантын жеңіп алды.

2017 – 2018 оқу жылы

  • 6D020500- «Филология» мамандығы бойынша докторантура ашылды;
  • 2018 жылы жоспар бойынша факультет студенттеріне сабақ өткізу үшін 2 шетелдік оқытушы шақырылды (Евтюгина А.А., РФ, 04-20.04.2018; Макарова В.Ф., РФ, 02.04-13.04.2018);
  • Халықаралық академиялық ұтқырлық аясында факультет оқытушылары шетелдік жоғары оқу орындарында дәріс оқыды (Б.А. Ердембеков – Орталық Ұлттар университетінде, ҚХР, Пекин қ., 3-15 желтоқсан 2017 ж., «Әдебиет теориясы», «Әдебиеттанудың жаңа бағыттары» курстары; Б.Ісбек – Орталық Ұлттар университетінде, ҚХР, Пекин қ., 3-15 желтоқсан 2017 ж., «Қазақ-қытай әдеби байланыстары» курсы; М.Р.Балтымова – Татарстан Республикасының Набережные-Челны мемлекеттік университеті, РФ, мамыр 2018 ж.);
  • 5В020500-«Филология» мамандығының студенті Жақсылық Алихан «Ұлы даланың ұланымын» атты Республикалық ақындар байқауында 1 орын (Астана қаласы, 2018 жыл), Астана қаласының 20 жылдығына орай өткізілген «Ән дарыған далада Шыңға айналған Астанам» атты Республикалық ақындар байқауында (Ақтөбе қаласы, 2018 жыл)  3 орын иеленді;
  • 5В011800 –«Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті Әбуов Аслан Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық жастар қозғалысы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, “Jas Barys-2018” Халықаралық форумның спикері болды (Астана қаласы).

2018 – 2019 оқу жылы

  • Бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламалары және магистратураның білім беру бағдарламасы 7 және 5 жыл аралығында мамандандырылған аккредитациядан сәтті өтті.
  • Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Б.С.Карагулова «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2019» грантының иегері атанды;
  • Жоспар бойынша факультет студенттеріне сабақ өткізу үшін 2 шетелдік оқытушы шақырылды (Орхан Сойлемез, Түркия,10 – 25.10. 2018; Чжан Шувэнь, ҚХР, «5В020500 – Филология: қазақ және орыс филологиясы» мамандығының 2 курс студенттеріне сабақ өткізуде.);
  • Халықаралық академиялық ұтқырлық аясында факультет оқытушылары шетелдік жоғары оқу орындарында дәріс оқыды (К.К.Садирова – Башқұрт мемлекеттік университеті, 03-17 желтоқсан 2018 ж. «Әлемнің фразеологиялық бейнесі: қазақ және татар тілдері (этнолингвистикалық аспект)» курсы; С.С.Исакова – Башқұрт мемлекеттік университеті, 03-17 желтоқсан  2018 ж. – «Кәсіби коммуникациядағы терминдер» курсы);
  • Филология мамандықтары түлектерінің қолдауымен оқу аудиториялары ашылды: Р.Сыздық атындағы дәрісхана; С.Бермағанбет атындағы дәрісхана; Ақын А.Өтегенов атындағы дәрісхана;
  • Филология факультеті орналасқан оқу корпусына Н.Байғанин есімі берілді;
  • Өтежан Нұрғалиев атындағы Конференц-зал жабдықталып, ашылды;
  • 5В011800 –«Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті Әбуов Аслан Ақтөбе облысы әкімінің «Жас Ақтөбе-2018» жастар сыйлығының “Жыл жұлдызы” номинациясының иегері (2018 жыл, желтоқсан.); ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының арнайы алғыс хаты (Астана, 2018 жыл);
  • Факультеттің төрт студенті білім беру, ғылым, өнер, спорт саласындағы ерекше еңбегі үшін “Үздік студент – 2018” төс белгісінің иегері атанды;
  • 2019 жылдың 1 наурызында Түркия мемлекетіндегі Кастамону университетінде Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ректоры, профессор Б.А.Ердембековпен Кастамону университетінің ректоры, профессор С.Айдынның қатысуымен «Қазақ елі» мәдени орталығы ашылды. Сонымен қатар, орталықтың ашылу салтанатында университетіміздің ғалымдары профессор, ф.ғ.д.  Б.А.Ердембеков, профессор, ф.ғ.д. Г.Т.Шоқым және түрік елінің ғалымы, профессор, ф.ғ.д. И.Бинердің авторлығымен жазылған «Қазақ тілі грамматикасы» атты оқулықтың тұсауы кесілді;
  • Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Мұратбек Б.Қ. Түркия мемлекеті Кастамону қаласындағы Кастамону университетінде «Өнер және ғылым» факультетінің «Түрік диалектологиясы мен әдебиеті» кафедрасында 25.02.19 ж бастап (15.03.19 ж дейін) Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ мен Кастамону университетінің білім саласындағы мемарандумы аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша өзара тәжірибе алмасуда. Доцент Мұратбек Б.Қ. «Қазіргі түрік диалектілері және әдебиеті» мамандығының 2-4 курс студенттеріне қазақ әдеби тілінің тарихы, оның классикалық классификациясы, латын негізді қазақ әліпбиіне көшу жайы, т.б. мәселелер туралы дәрістер жүргізуде.  Оның ұйымдастыруымен Кастамону университетінде «Латын негізді қазақ әліпбиінің мәселелері» тақырыбындағы халықаралық семинар жоғары деңгейде өткізілді;
  • Білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие берудегі елеулі еңбегі үшін филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Садирова Кулзат Каниевна Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің құрмет грамотасымен марапатталады (15.02. 2019 ж.);
  • Болашақ филолог мамандарға сапалы білім мен кәсіби дағды қалыптастыру мақсатында қазақ әдебиеті мен мәдениетінің қара шаңырағы саналатын Қазақстан Жазушылар Одағы Ақтөбе филиалының жұмыс кабинеті мен осы ортада шығармашылыққа бет алып, түрлі әдеби, публицистикалық бағытта қалам тартуға үйренетін «Жас қаламгерлер клубы» ашылды;
  • Университетте білім алып жатырған студенттердің поэзиялық, прозалық, көсемсөз жанрларындағы көркем туындылары енгізілген «Қауырсын қалам» атты жинақтың тұсаукесеріне арналған салтанатты жиын болды.
  • Студент жастарымыздың кәсіби біліктілігін нығайтып, ой ұшқырлығын кеңітуді мақсат еткен «Шабыт» зияткерлік пікірталас клубы ашылды;
  • Сәуір айының 18 жұлдызында филология факультетінің теориялық қолданбалы тіл білімі кафедрасы “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру ” аясында жастар жылына орай “Қыз әлемі” клубы ашылды. Клубтың максаты – жастарға ұлттық-рухани негізде тәлім-тәрбие беру;
  • 2019 жылдың  19 сәуірінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің филология факультетінде Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетімен бірлестікте көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейілбек Мұхамеджарұлы Исаевқа арналған дәстүрлі  «Исаев оқулары»  атты конференция өтті;
  • 2019 жылдың 19 сəуірінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің филология факультетінде ф.ғ.к., доцент Н.А.Садуақас пен ф.ғ.к.,  аға оқытушы К.Ə.Қондыбайдың  60 жасқа толу мерейтойына орай  ұйымдастырылған «Жаңартылған білім бағдарламасы: қазақ тілі және оны оқыту мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті;
  • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің филология факультеті Қазақстандағы «Жастар жылы» аясында 8-11 сыныптар, колледж, ЖОО студенттерінің қатысуымен «Авторлық ертегілер фестивалі» өңірлік байқауын өткізді. Фестиваль жасөспірімдер мен  жастар бойындағы шығармашылық қабілеттерді ашу мақсатында өткізілді;
  • Филология факультетінің студенттері Ерасыл Ажбенов, Асем Самбаева және Анар Аxабаева Филология “Қазақ филологиясы” мамандығы бойынша ҚР-сы ЖОО студенттерінің XI пәндік олимпиадаға қатысып (Нұр-сұлтан қаласында өткен), факультеттің мерейін үстемдетіп, жүлделі 3-орынға ие болды;
  • С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен 5В011700 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы боынша ХІ Республикалық пән олимпиадасында Филология факультеті 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттері Қалиғұлла Ж., Тыныштық Н., Шманова Г. ІІІ орын иеленді. Шманова Гүлсезім эссе жазудан І орын алды;
  • 5В011800 – «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Күлімжанова Аяжан халықаралық олимпиадада орыс тілінен І орын алды (Санкт-Петербург, Ресей Федерациясы).

  

Факультеттің студенттік командасы республикалық пәндік олимпиадаларға тұрақты қатысып, жүлделі орындар иеленіп келеді:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ЖОО арасындағы республикалық олимпиадада:

5В020500-«Филология: қазақ филологиясы» мамандығы:

  • 2013-2014 оқужылы – ІІ орын;
  • 2013-2014 оқужылы – ІІ орын;
  • 2013-2014 оқужылы – ІІ орын;
  • 2014-2015 оқужылы  –  І орын;
  • 2015-2016 оқу жылында Қ. Жұбанов атындағы АқӨМУ 5В020500–«Филология» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада ұйымдастырды;
  • 2016-2017 оқужылы – ІІІ орын;
  • 2017-2018 оқу жылында – ІІІ орын;
  • 2018-2019 оқу жылында – ІІІ орын.

5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы:

  • 2014-2015 оқу жылы – ІІІ орын;
  • 2016-2017 оқужылы – ІІІ орын;
  • 2017-2018 оқу жылында – ІІІ орын;
  • 2018-2019 оқу жылында – ІІІ орын.

Орыс  тілі мен әдебиеті пәні бойынша ЖОО арасындағы республикалық олимпиадада:

5В011800- «Орыстілі мен әдебиеті»мамандығы:

  • 2014-2015 оқужылы – ІІ орын;
  • 2015-2016 оқужылы – ІІІ орын.

Көптілділік бағдарламасы бойынша факультетте  арнайы топтар құрылып төмендегі пәндер ағылшын тілінде оқытылуда:

  1. Гендерлік лингвистика (профессор Г.Т.Шоқым), 5В020500-«Филология: қазақ  филологиясы» мамандығы, 3 курс (10 студент).
  2. Когнитивті лингвистика (профессор С.С.Исакова), 5В020500-«Филология: қазақ филологиясы» мамандығы, 4 курс (10 студент, 2 семестр).
  3. Жалпы тіл білімі (профессор Ж.О.Тектіғұл), 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы», 4 курс (10 студент, 2 семестр).
  4. Кәсіби бағытталған шетел тілі (профессор С.С.Исакова, РhD доктор А.Т.Шетиева, барлық мамандықтар бойынша).

1 PhD докторы, 6 ғылым кандидаттары, 18 гуманитарлық ғылымдар мен педагогика және психология магистрі, оның ішінде 3 ҚР ғылым және білім беру ісі бойынша құрметті қызметкерлері мен «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағы иегерінің болуы шетел тілдері факультеті мамандарының жақсы ғылыми әлеуетін көрсетеді. Факультет кафедраларда оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау жұмыстары, ашық сабақтар өткізу барысында оқыту технологияларын қолдану, халықаралық деңгейде онлайн – семинарлар өткізу, сабақтарға қатысу мониторингі мен оқу-әдістемелік үрдісті қамтамасыз ету жұмыстарын алдыға қояды.

Оқытушылардың көпшілігінің шетелде біліктілікті арттыру курстарынан өтуі оқытуға деген ынтаның және шет тілін игеруінің деңгейін көтеруге әсер етті (Кушкарова Г.К., Трушева А.Т., Сулейменова З.Е., Оразова А.А., Усенова С.Г., Жумаханова А.А., Аймукатова А.Т., Бурибаева Р.А., Тайпакова А.Р. және т.б.). E-Learning, Skype бойынша оқыту, видеоконференцияларға қатысу сынды оқыту түрлері дәстүрге енді. Факультет оқытушылары University of Cambridge ESOL Examinations ұйымдастыруымен өтетін TKT – Teaching Knowledge Test халықаралық емтиханын тапсырды.

Сонымен бірге, оқытушылар факультет пен факультет базасында өтетін түрлі әдістемелік семинарларға, вебинарларға белсенді түрде қатысып, сертификаттар иеленеді.

Оған қоса, оқытушылар әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінде тағылымдамадан өтеді. Оқытушылар «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында біліктілікті арттыру курстарын өтеді.

Университет базасында дәстүрлі түрде Ақтөбе облысының жалпы білім беретін мектептерінің бітіруші сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен олимпиада өтеді.

Шетел тілдері факультетінің мамандықтары бойынша студенттер білім беру және ғылым министрлігінің аттестациясы аясында өтетін тесттен жоғары көрсеткіштер көрсетті.

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ң 50 жылдық мерейтойына орай факультетіміздің профессор-оқытушы құрамы қала және облыс әкімінің құрмет грамоталары мен мерейтойлық кеуде медальдарымен марапатталды.

Факультеттің 1 ғалым-оқытушысы «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері – К.Б. Коптлеуова (2012 ж.).

«Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының меңгерушісі PhD докторы, доцент Б.Т.Керимбаева ҚР БҒМ «Жас ғалымдар» стипендиясының иегері болып табылады (2018 ж.).

Факультеттің студенттік командасы жүйелі түрде республикалық пәндік олимпиадаларға қатысып, келесі жүлделі орындарға ие болды:

5В020700 – «Аударма ісі» мамандығы:

2015-2016 оқу жылы – ІІІ орын А. Нагметова.

2016-2017 оқу жылы – ІІІ орын Г. Молдашева.

5В021000 – «Шетел филологиясы»ғылшын тілі) мамандығы:

2016-2017 оқу жылы – ІІІ орын М. Аркпаева.

2017-2018 оқу жылы – ІІІ орын С. Бақытжан.

5В011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы:

2015-2016 оқу жылы – ІІІ орын Г. Жаканова.

2018-2019 оқу жылы – ІІ орын Т. Шонмуринов.

2018-2019 оқу жылы – ІІІ орын Н.Асылов.

«Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенті Асылов Нұрсұлтан 2017-2018 оқу жылының «Үздік студенті» атағына ие болды. «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенті Жәкен Нұркен Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ректоры, профессор Б.А. Ердембековтен алғыс хат иеленді және 2018-2019 оқу жылының «Үздік студенті» атанды. «Шетел филологиясы» мамандығының студенттері Насумов Н. мен Зиядинов Ж. «Ғылым қайнары» байқауынан 2 орын иеленді. «Шетел филологиясы» мамандығының студенті Мырзалы К. «Менің арманым» атты Start Up жобасына қатысып, жартылай финалға жолдама алды. «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенті Төлеубаева Гүлмира Ақтөбе дебатының белсенді мүшесі, Ритор зияткерлік пікірталас клубының координаторы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай IV республикалық пікірсайыс турнирі аясында өткізілген семинар-тренингке қатысып, тағылымдамадан өткені үшін сертификат иегері, Ақтөбе политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткізілген облыстық пікірсайыс турнирінде ағылшын лигасынан І орын иегері, Облыс жастарынан құралған командалар арасында өткен пікірталас турнирінің «Үздік спикер» атағына ие болғаны үшін бағалау сертификат иегері, облыс жастарынан құралған командалар арасында өткен пікірталас турнирінің І орын иегері, «OXFORD VISION» халықаралық тілдер мектебінің ұйымдастырылуымен «Tolerance and Unity» тақырыбындағы облыстық турнирінің «THE BEST SPEAKER» номинациясымен марапатталды, Бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумының ұйымдастырылуына белсенділік танытып қатысқаны үшін «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Н.Ағниязовтың алғысына бөленді, “Үздік спикер – 2018” иегері, “Жас қыран” үздік студенттер иегерлерінің кітабына енді. «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенті Назданов Нұрлан «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша «Жас кәсіпкер мектебі» оқу курсын аяқтады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай IV республикалық пікірсайыс турнирі аясында өткізілген семинар-тренингке қатысып, тағылымдамадан өткені үшін сертификат берілді (сертификат, Орал қ., 2017 жыл). Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай IV республикалық пікірсайыс турнирінде үлгілі ойын көрсетіп, ерекше белсенділік танытқаны үшін марапатталды (Алғыс хат, Орал қ., 2017 жыл). «Серпін жастары индустрияға» бағдарламасы студенттерінің арасында өткен Аламан жарысында пікірсайыс турнирі бойынша бірінші орын иеленді (2017 жыл). Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» атты мақаласын студенттерге насихаттау мақсатында өткізілетін дәстүрлі факультетаралық Ректор кубогіне арналған пікірсайыс турнирінде логикалық жүйелі сыншылдық танытқаны үшін марапатталды (Алғыс хат, Ақтөбе қ., 2017 жыл). Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы мен Инновациялық технологиялар арқылы демократияны оқыту орталығы бірлесе отырып ұйымдастырған облыс жастарынан құралған командалар арасында пікірталас турнирінің нәтижесі бойынша 1-орын иегері (2017 жыл). Жоғарғы оқу орындарының студенттерінің арасында өткен Облыстық өлең оқу конкурсы бойынша «Мәдениетті оқу» номинациясы бойынша марапатталады (17 сәуір 2018 жыл).

Академиялық ұтқырлық

Факультет университет базасында тілдік, әдістемелік және елтанымдық даярлықты көтеру бойынша халықаралық семинарлар, Британ  Кеңесі мен Maсmillan баспасы, Гете-Институт және ДААД ұйымдастыруымен жыл сайын семинарлар  өткізеді.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «Аударма ісі» мамандығынан 2017-2018 оқу жылында 2-3 курс студенттері Бақыт Нұрлы, Жумиев Нұрсұлтан, Қоныспаев Қайрат, Кудайбергенова Зульфия Қытайдағы Үрімші қаласында білім алды.

2017-2018 оқу жылының 2 жартыжылдығында  2 курс студенті   Базарбаева Айгерім ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Евразия  гуманитарлық институтінде (Астана қ.) «Аударма ісі» мамандығы бойынша білім алды.

Сонымен қатар, Ош мемлекеттік университетінің (Қырғыстан республикасы) студенттері – Паизова Тахмина, Мырзабекова Самара, Юлдашева Хусният пен Досматова Камила академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша біздің университетімізде тәлім алды.

«Шетел филологиясы» мамандығы бойынша 2017-2018 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 9 студент  (Төлеген Гаухар, Умбетова Айжан, Санатова Жибек, Шангереева Сауле, Кашкенов Темирлан, Айымбетова Гүлназ, Жумагалиева Жансая, Тлеубергенова Перизат, Ерлік Ботакөз) Қытайдағы  Синьзян  қаржы-экономикалық университетінде  білім алды. Сонымен қатар, Хамитова Мөлдір, Караманова Гульмира, Молдабаева Аяжан Польшаның Быдгошь қаласындағы Қаржы университетінде білім алды. Сакария университетінде (Турция республикасы) 2 курс студенті  Ғабдуалиева Әйгерім білім алып, келесі оқу жылына тегін (Сакария университетінің гранты) білім алуға жолдама алды. Литвадағы  (Каунас қ.) Витаутас Магнус университетінің «Халықаралық қатынас және даму» факультетінде 3 курс студенті  Тыныбекова Диляра білім алды.

«Шетел тілі: екі шетел  тілі» мамандығы бойынша 2017-2018 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келесі студенттер Қытайдағы   Синьзян қаржы-экономикалық университетінде білім алды: Томирис Хайрош, Оноприенко Оливия, Бахтияр Өтеген. 3 курс студенттері Асылов Нұрсұлтан, Танжарикова Айдана Польшадағы  Быдгошь қаласындағы Қаржы университетінде білім алды. Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Жакен Нуркен, Мукашова Анар, Сеитова Индира білім алды. Сонымен қатар, ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Орал қаласындағы   М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің 2 курс студенті Нурланқызы Фатима біздің университетіміздің қабырғасында білім алды. Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінде 2  курс студенті Галымжанова Жұпар білім алды.