Факультет түлектерінің жұмысқа орналасуы

Факультет түлектерінің жұмысқа орналасуы

С.М.Қалдығұлова,
облыстық мәслихат хатшысы

А.Т.Шериязданов,
Байғанин ауданының әкімі

Н.Уайдин,
облыстық Әділет басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі

Ж.У.Төлемісова,
ҚР Президент телерадио кешенінің корреспонденті

Ж.Б.Самұратова,
ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты қызметкері

Т.Б.Бердімұратов,
«НҰР» қазақ-орыс халықаралық университетінің президенті

С.Е.Жұманов,
Шалқар қаласының әкімі

Қ.Қ.Айтбаев,
ҚР Мәдениет қайраткері және т.б.

Ж.И.Сұлтан, Дүниежүзілік Банктің «Қазақстандағы білім беруді жаңғырту» жобасының жетекшісі.

С.А.Итеғұлова Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында Қолданбалы лингвистика басқармасының басшысы

Н. М. Жанпеисова, Ақтөбе С. Бәйішев университетінің “Білім беру кеңістігінің интернационализациясы” халықаралық зертханасының меңгерушісі.

А. М. Нуркеева, “Актюбинский вестник”облыстық қоғамдық-саяси газетінің редакторы.

С. П. Тенеряднова, Бонч-Бруевич атындағы Мемлекеттік телекоммуникация университетінің шетел және орыс тілдері кафедрасының доценті. (РФ , Санкт-Петербург қ.)

С. Т. Күнтлеуова, “Азаматтарға арналған үкімет “Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы –Шалқар аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы.

Ж.У. Терекова, №30 қазақ орта мектебінің директоры

Факультет түлектерінің 72 % тұрақты жұмысқа орналасқан, олардың ішінде  65%  Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан облыстарындағы мемлекеттік мекемелерде еңбек етуде.

Факультет түлектерінің арасында көптеген елемізге еңбек сіңірген оқытушылар мен қайраткерлер бар. Олар: Молдашева С.Г., Кононец Л.Ф., Искаринова С.И., Оразалин О.С., ғылым кандидаттары – Искиндирова С.К., Кушкарова Г.К, Сарбасова А.Е., магистрлер мен оқу орталықтарының басшылары – Ткачева Д. «Crown» оқу орталығы, Сарсенбаева А. «Moonlight» оқу орталығы және т.б.), ЖОО-ның оқытушылары, мәселен Назарбаев Университеті (Маштакова М, Дабылова Б.), Қазақ-неміс университеті (Матчанова Д.) және Қазақстан бойынша Назарбаев интеллектуалдық мектептері, әнші Едильбаева Индира, Мукатов Мейрбек – ҚР ақпарат және коммуникация министрлігі, басқару бөлімінің жетекшісі.

2018 жылы факультетіміздің 90 % түлегі тұрақты жұмыс орындарымен қамтылса, оның ішінде 75 %-ы компаниялар мен фирмаларда, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан мектептерінде жұмыс жасауда.

Факультет түлектерінің көпшілігі Ақтөбе қаласының оқу орталықтарына ағылшын тілінің оқытушылары ретінде жұмысқа орналасуда: «Дарина» лингвоорталығы, «ISMA» оқу орталығы, «Dream Builders» ЖШС, «BEST» оқу орталығы, «Оксфорд» оқу орталығы, «Синквейн» оқу орталығы, «Международное обучение» ЖШС, «Interlingua» оқу орталығы және т.б. Факультет түлектері ағылшын тілінің мұғалімдері ретінде орта мектептерге орналасуда: Ақтөбе қаласының № 19, № 51, № 61, № 20, № 25 орта мектептеріне, № 5, №17 орта мектептер және т.б. Факультеттің кейбір түлектері қаламыздың колледждеріне ағылшын тілінің оқытушылары ретінде шақырылды: Ақтөбе кооперативтік колледжі, Ақтөбе автожол колледжі. Оған қоса, біздің түлектер аудармашылар ретінде «AgipКСО» компаниясы, «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы, «ТенгизШеврОйл» ЖШС, «ОйлТехноГрупп» ЖШС, «Фирма Ада Ойл» ЖШС, «Mankent» аударма бюросына, «Intense Pro» аударма бюросы және т.б. жұмысқа орналасуда. 2019 жылдан бастап факультет «Fircroft Kazakhstan» компаниясымен кәсіби мамандарды даярлап, оларды жұмыспен қамту мақсатында тығыз байланыс орнатты.