6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті
Шифр-мамандықтың атауы:
6В01701 – “Қазақ тілі мен әдебиеті”
Аккредитациядан өтуі:
2018 жылдың желтоқсан айында ҚР «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 7 жылға сәтті өтті (05.04.2019-04.04.2026 ж. дейін жарамды, Тіркеу нөмірі: №АВ2166, Берілген күні – 5 сәуір, 2019 жыл.)
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі – 4 жыл, 3 жыл
Берілетін дәреже:
6В01701 –”Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша білім бакалавры
Кәсіби қызметінің саласы:
- білім беру (педагогикалық) мекемелері;
- ғылыми-зерттеу институттары, мекемелер;
- баспа ісі, теле және радио саласы, кадр бөлімдері және т.с.с.;
- негізгі филологиялық білімді талап ететін басқа да кәсіптік қызмет көрсететін мекемелер.
Кәсіби қызметінің нысандары:
- жоғары оқу орны;
- орта / оның ішінде гимназиялар, лицейлер/ және арнаулы орта оқу орындары;
- ғылыми-зерттеу мекемелері;
- газет, журналдардың редакциялары, радио мен телевидение және баспа орындары;
- аудармашылар мен референттер қажет ететін түрлі мекемелер;
Кәсіби қызметінің пәні:
- Салыстырмалы-тарихи және әлеуметтік лингвистикалық аспектідегі қазақ тілі мен әдебиеті;
- Қазақ, әлем әдебиеті;
- Білім беру мекемелеріндегі қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- білім беру (педагогикалық);
- ғылыми-зерттеу;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық; оқу жұмысын ұйымдастыру, редактор, корректор, референт және т.б.;
- негізгі филологиялық білімді талап ететін басқа да кәсіптік қызметтер.
Практика базалары:
Ақтөбе қаласының Үш тілде оқытатын №21 мектеп-гимназия, №24 лингвистикалық мектеп-гимназия, №51мектеп-гимназия, №13, №56, №40, Новый орта мектептері.