6В02305 – Филология: орыс филологиясы; журналистика және орыс/қытай тілдерінде құжаттану
Шифр-мамандықтың атауы:
6В02305 – “Филология: орыс филологиясы; журналистика және орыс/қытай тілдерінде құжаттану”.
Аккредитациядан өтуі:
2018 жылдың желтоқсан айында ҚР «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға сәтті өтті (05.04.2019-04.04.2024 ж. дейін жарамды, Тіркеу нөмірі: №АВ2170, Берілген күні – 5 сәуір, 2019 жыл.)
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі – 4 жыл.
Берілетін дәрежесі:
6В02305 – “Филология” мамандығы бойынша гуманитарлық білім бакалавры
Кәсіби қызметінің саласы
- білім беру (педагогикалық) мекемелері;
- ғылыми-зерттеу институттары, мекемелер;
- білім беру саласын басқару;
- мәдениетаралық коммуникация;
- БАҚ;
- баспа ісі;
- негізгі филологиялық білімді талап ететін басқа да кәсіптік қызмет көрсететін мекемелер.
Кәсіби қызметінің нысандары
- орта /оның ішінде гимназиялар, лицейлер/ және арнаулы орта оқу орындары;
- ғылыми-зерттеу мекемелері;
- газет, журналдардың редакциялары, радио мен телевидения және баспа орындары;
- басқарушы органдар;
- жарнама агенттіктері;
- аудармашылар мен референттер қажет ететін түрлі мекемелер;
Кәсіби қызметінің пәні:
- орыс тілінің салыстырмалы-тарихи және әлеуметтік лингвистикалық аспектілері;
- орыс, әлем әдебиеті.
Кәсіби қызметінің түрлері
- ғылыми-зерттеу – мұғалім-зерттеуші ретінде, сондай-ақ түрлі фондтар мен жобалардың қызметкері ретінде;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық – мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы әртүрлі деңгейдің басшысы ретінде;
- редакторлық – баспа редакторы ретінде;
- дикторлық –БАҚ қызметкері ретінде;
- орыс/қазақ/қытай тілдерінде құжаттанушы.
Практика базалары:
- Ақтөбе қаласындағы «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» АҚ;
- «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы