6В01702 – Орыс тілі мен әдебиеті
Шифр-мамандықтың атауы:
6В01702–”Орыс тілі мен әдебиеті: лингвистикалық сараптау”
Аккредитациядан өтуі:
2018 жылдың желтоқсан айында ҚР «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 7 жылға сәтті өтті (05.04.2019-04.04.2026 ж. дейін жарамды, Тіркеу нөмірі: №АВ2169, Берілген күні – 5 сәуір, 2019 жыл.)
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі – 4 жыл, 3 жыл
Берілетін дәреже:
6В01702 –”Орыс тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша білім бакалавры
Кәсіби қызметінің саласы
- білім беру (педагогикалық) мекемелері;
- ғылыми-зерттеу институттары, мекемелер;
- мәдениет;
- БАҚ;
- баспа ісі;
- мемлекеттік қызмет және т.б.
Кәсіби қызметінің нысандары
- орта мектептер;
- арнаулы орта оқу орындары;
- кәсіби мектептер, гимназиялар, лицейлер, колледждер.
Кәсіби қызметінің пәні:
- Салыстырмалы-тарихи және әлеуметтік лингвистикалық аспектідегі орыс тілі;
- Орыс, әлем әдебиеті;
- Білім беру мекемелеріндегі орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі.
Кәсіби қызметінің түрлері
- білім беру (педагогикалық) – орта мектептер, арнаулы орта оқу орындарында, кәсіби мектептер, басқа түрлі білім беру орындарында, білім беру курстарында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде;
- ғылыми-зерттеу – мұғалім-зерттеуші ретінде, сондай-ақ түрлі фондтар мен жобалардың қызметкері ретінде;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық – мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы әртүрлі деңгейдің басшысы ретінде;
- редакторлық – баспа редакторы ретінде;
- дикторлық –БАҚ қызметкері ретінде;
- лингвист-сарапшы.
Практика базалары:
Ақтөбе қаласындағы №23 орта мектеп лицейі, №27 орта мектеп лицейі