Ағылшын және неміс тілдері кафедрасы – Жетістіктер

Ағылшын және неміс тілдері кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Жетістіктер

Кафедра оқытушысы А.К.Мурсалиева  (2017 ж.) университетішілік «Интерактивті формадағы үздік ашық сабақ»  сайысында ІІ жүлделі орынды иеленді.

Біздің студенттер жыл сайын  республикалық  және халықаралық олимпиадалар мен конкурстарға қатысып, жүлделі орындар мен алғыс хаттарға  ие болады, атап айтар болсақ:

Гүлзира Жақанова 2016 жылы ағылшын тілі пәні халықаралық олимпиадада белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды, Қарағанды қаласы, Букетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік университеті.

2017 жылдың 28 – ші қазан күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих факультеті корпусында «Үшінші рухани жаңғыруға»ел басының жолдауына байланысты «Жер – су, көше аттары – елдіктің айнасы» тақырыбы аясында облыстық пікір сайыс турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты халыққа латын тіліне көшудің маңызын түсіндіру және танымал еместұлғаларды қауымға таныстыру, тарихи нысандардың құндылықтарын арттыру, заманауи нысандарға ұмыт қалған атауларды және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген азаматтарының есімдерін беру.

Осы аталған мақсаттарды іске асыра отырып, облыстық пікір сайыс турнирінде Шетел тілдері факультетінің «5В011900-Шетел тілі: 2 шетел тілі» мамандығының 1 – 2 курс студенттері жүлделі орындарға ие бола отырып, өздерінің білікті және ұлтжанды Қазақстан азамматтары екендіктерін дәлелдеді. 2 курс студенттері Өмірзақ Бағдат, Болатбек Несібелі II орынға, ал 1 курс студенттері Төлеубаева Гүлмира, Назданов Нұрлан I орынға ие болды. Сонымен қатар, 1 курс студенті Төлеубаева Гүлмира «Үздік спикер» деген атаққа ие болса, 2 курс студенті Жәкен Нұркен «Үздік төреші» атанды.

Шетел тілдері факультетінің «5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша спортпен айналысып, университетті қалалық, облыстық және халықаралық жарыста көрсетіп жүрген студенттер оқиды. Соның бірі, 2 курс студенті Трайзе Диана кәсіби шығыс жекпе-жегі Ушумен айналысып, әртүрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, әрдайым жүлделі орындарға ие болады.

2008 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасы бойынша юниорлар мен ересектер арасындағы Ушудан абсолютті чемпионы болып табылады.

2017 жылдың қыркүйек айының 14-21 аралығында Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өткен Юниорлар арасындағы Ушудан 9-шы Азия чемпионатында екі мәрте 3 орын иесі атанды. Сонымен бірге, Қарағанды қаласында қыркүйектің 4-10 аралығында өткен Ересектер арасындағы Ушудан Қазақстан Республикасы кубогында екі мәрте 1 орын иеленді.

Оған қоса, Диана Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында абсолютті чемпион атанды.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы