Ағылшын және неміс тілдері кафедрасы – Кафедра тарихы

Ағылшын және неміс тілдері кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

Кафедраның міндеті – шетел тілін мамандығы бойынша кәсіби қарым-қатынас аясында қолдана білетін, үздіксіз білім алу және бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлау.

Кафедра 5В011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша мамандар дайындайды.

КСРО жоғары оқу орындары туралы Ережеге сәйкес, 1974 жылы 30 қазанда КСРО Жоғары және арнайы орта білім министрінің бұйрығымен бекітіліп, 4 наурыз 1974 жылы, шетел тілдері кафедрасы ұйымдастырылды. 1975 жылы шетел тілдері факультеті ағылшын және неміс тілдерінен құралды. Ал, 1967 жылы ағылшын тілі мамандығының бірінші талапкерлері болып 50 адамды қабылдау жоспарымен жүзеге асырылды және де ол филология факультетінде «Ағылшын тілі» кафедрасы аясында іске асырылды. 1967-1984 жылдар аралығында мамандар тілдердің бірінде (ағылшын немесе неміс) оқыды. 1984 жылдан бастап факультетте екі мамандық бойынша мамандар дайындады, олар: ағылшын және неміс, неміс және ағылшын тілдері.

Кафедра қызметі негізгі үш бағытта ұйымдастырылуда: оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысы. Кафедра профессор-оқытушылары құрамы оқу үрдісінің практикалық бағытын жүзеге асырады, қала мектептерімен тығыз байланыста жұмыс атқарады.

Кафедраның қалыптасуы мен дамуына үлестерін қосқан ағылшын тілінің мамандары: В.И.Агапова, М.С.Малаева, Л.Н. Цикалова, С.Н.Черткова, Р.К.Камешова, С.С.Хисматулина, Ф.А.Якушова, Н.Д.Вагнер, Г.С.Егорова, Л.Б.Принко, С.С.Байтұрсынова, Н.Х.Кенбеилова.

Қазіргі таңда кафедрада 2 ғылым кандидаты, 8 аға оқытушы, 8 оқытушы (5 магистр) қызмет атқаруда.

Білім алушылар күндізгі және сырттай бөлімдерде оқиды, білім грант иегерлері де бар. «СЕРПІН-2050» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда Батыс Қазақстан аймағындағы іргелі жоғарғы оқу орны – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің үлесі зор. Бағдарлама қабылданған үш жыл ішінде 5В011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша әлеуметтік жобаның грантына ие болған студенттер қатары жылдан жылға артып келеді. Үш жыл ішінде 38 студент тегін оқуға түсіп, оның ішінде 20 студент Қызылорда облысынан, 8 студент Оңтүстік Қазақстан, 7 студент Маңғыстау, 2 студент Алматы, 1 студент Жамбыл облыстарынан білім алуда.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы