Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы – Кафедра тарихы

Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

Бакалавриат:

  • 6В01702 – «Орыс тілі мен әдебиеті»;
  • 6В01704– «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»;
  • 6В01705 – «Қазақ, орыс тілдерімен мен әдебиеті»

Магистратура:

  • 7М01704 – «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»

Докторантура:

  • 8D02304– «Филология»

Сонымен қатар, кафедра 6В01704 – «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» және 6В01702 – «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары негізінде студенттерге екідипломды білім беру дайындауды жүзеге асырады

Орыс филологиясы  және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының тарихы –Қазақстанның Батыс өңіріндегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі –  Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  университеті тарихының көрінісі. 1966 жылы құрылып, қайта құру кезеңдерінен өтті, классикалық гуманитарлық білімнің негізгі пәндерін көрсететін басқа кафедралармен біріктіріліп, қазіргі уақытта  жаңа ғылыми және кәсіби мәселелерді шешуге бағытталған академиялық бірізділік кафедрасының  үлгісі.

1966 жылы алғашқылардың бірі болып орыс және шетел әдебиеті кафедрасы ашылған. Кафедра меңгерушісі доцент Смирнова В.Н. болды. Әрі қарай кафедраны И.Я. Сулковский, Зернюкова А.А., Афанасьев Э.С., Адорова Н.В., Циммерман  П.И., Уразаева К.Б. басқарды.

Сонымен қатар, 1966 жылы Орыс тілі кафедрасы ұйымдастырылды. Алғашқы кафедра меңгерушісі Ақтөбе педагогикалық институтының бұрынғы ректоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Павел Степанович Щетинин болды. Әр жылдары кафедраны Кринова К.Т., Тегай Л.Е., Новоселова А.Н., Жигарева Е.А., Карашулакова М.Ж. басқарды.

Ұлт мектептеріндегі орыс тілі кафедрасының құрылған жылы – 1983. Кафедраның алғашқы меңгерушісі доцент Щербакова В.А., содан кейін Шаповалова А.Г. Орыс тілі кафедрасымен бірлескенге дейін 1991 жылдан бастап кафедра меңгерушісі – филология ғылымдарының кандидаты А.Ш. Аймағамбетова басқарды.

1997 жылы орыс тілі, ұлт  мектебіндегі орыс тілі және әлем әдебиеті кафедралары біріктіріледі. Осы кезеңдерде кафедраны басқарғандар: Унгарбаева Г.И., Свиридова И.И., Тасыбаева Г.М, Байшукурова Ж.Ж., Куздыбаева А.А., Жуминова А.Б., Идрисова Э.Т. Қазіргі уақытта біріккен кафедраның меңгерушісі PhD Абдуллина Н.У.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы

Бүгінгі орыс филология және мәдениетаралық коммуникация – бұл өзіндік ғылыми-әдістемелік орталық, мұнда дайындықты жоғары білікті мамандар жүргізеді: 1 ғылым докторы, , 1 PhD,  16 ғылым кандидаттары (оның 5 – ЖАК доценттері), академиялық доценттер, магистрлер, аға оқытушылар.

Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация каферасының профессорлық -оқытушылар құрамы туралы ақпарат

2023-2024 оқу жылы

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы