Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі
Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Оқу және ғылыми қызметі
Кафедра оқытушылары филология факультеті студенттерін оқытуда кәсіби-бағдарлы оқыту мәселелерімен,көркем мәтінді талдау, салыстырмалы әдебиеттану, функционалдық стилистика, когнитивистика, этнолингвистика және басқа да тіл білімінің өзекті мәселелерімен айналысады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы осы мәселелер бойынша монография, оқулық, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды дайындап, басып шығарды, соның ішінде:
- 11 монография;
- 8 оқулық ҚР БҒМ бекіткен;
- 3 оқу құралы, оның ішінде – 3 ОӘС РОӘК және ҚР БҒМ ұсынылған;
- 70-тен астам оқу-әдістемелік құралдар;
- 5-тен астам электрондық оқулықтар;
- 3000-нан астам ғылыми, әдістемелік, публицистикалық мақалалардың қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдерінде қазақстандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген.
Әдістемелік семинарлар
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы инновациялық педагогикалық технологияларды оқу үрдісінде енгізуді Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру (РЦПК РО) Аймақтық орталығы, Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ, “Университет-мектеп” ғылыми-педагогикалық орталығы (ҒӨО) арқылы және тұрақты жұмыс істейтін университеттің әдістемелік семинарлары негізінде меңгереді.
Кафедра дәстүрлі түрде оқытудағы инновациялық технологияларды орыс тілі мен әдебиеті және тәжірибе алмасуды қолдану аясын кеңейту мақсатында халықаралық, өңірлік және республикалық әдістемелік семинарларды ұйымдастырып отырады.
Мысалы: ” Оқытудың инновациялық әдістерін пайдалану және енгізу» аймақтық семинар (2015), ” Ғылым және білім жаңалықтары: магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, мәселелері және перспективалары” (2016), “Көптілді тұлға қазіргі заманғы оқу үдерісінде”. Черноризца Храбра атындағы Варненский свободный университетімен (Болгария) бірлесіп өткізілген халықаралық семинар (наурыз 2017 ж.), “Қоғамдық сананы жаңғырту “атты дөңгелек үстел (маусым 2017 ж.), ” Білім мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалауды жүзеге асыру тәжірибесі” аймақтық әдістемелік семинар (қараша 2017 ж.), кафедраның меңгерушісі, ардагері, педагогика ғылымдарының кандидаты Адорова Н.В 90 жылдық мерейтойына арналып (желтоқсан 2017), доцент, филология ғылымдарының кандидаты Терекова Ф.Е. 70 жылдық мерейтойына орай (желтоқсан 2018) “Филология: кеше, бүгін, ертең” атты дәстүрлі халықаралық ғылыми-практикалық онлайн семинар өткізілді және аталған барлық семинар материалдары негізінде жинақтар шығарылды.
Доцент, филология ғылымдарының кандидаты Ф.Е.Терекованың 70 жасқа толуына арналған «Филология: кеше, бүгін, ертең» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-семинар (2018ж.)
2018 жылдың 25 қаңтарында жоғары және арнаулы орта білім беру мекемелері мен ғылыми-әдістемелік институт оқытушыларының, мектеп мұғалімдері мен аспиранттар, магистранттар, докторанттар, студенттердің зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып табылатын “Көптілділік – ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің негізгі бағыты ретінде: проблемалары, үрдістері, перспективалары” атты халықаралық ғылыми-практикалық семинары өткізілді.
2018 жылдың 21 ақпанында “Тілдік тұлға және көпұлтты әлемдегі тиімді қарым-қатынас” атты әдістемелік семинар өтті. Әлеуметтік тапсырыс жоғары оқу орындарынан жаңа форматтағы өз халқының тарихы мен дәстүрлерін білетін, бірнеше тілді меңгерген, кез-келген жағдайда коммуникативтік қызметті үш тілде жүзеге асыратын, өзін-өзі дамытуға және жетілдіруге ұмтылатын, әлеуметтік және кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауға қабілетті көп мәдениетті тұлға ретінде мамандар даярлауды талап етеді.
Семинардың мақсаты – көпмәдениетті әлемде тілдік тұлғаны қалыптастыру мәселелерін талқылау.
Кафедрада жүргізілетін кәсіби бағдар беру жұмысының негізгі бөлігі ретінде ұйымдастырылған семинарларға жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері және білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты.
Кафедраның ғылыми-практикалык және әдістемелік семинарлары(2017 год)
Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары.
Кафедра профессор-оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары тіл білімі, әдебиеттануға кіріспе, тіл теориясы мен әдебиет тарихы, фольклористика, көркемдік проза поэзиясы, салыстырмалы әдебиеттану және әдеби байланыстар, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, университет және мектеп білім беру реформасы бойынша жүзеге асырылады.
Кафедра ұжымы Ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық орталығынан мемлекеттік тіркеуден өткен ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша жұмыс істейді:
- «Мәтінді зерттеудегі филологиялық мәселелері» (Шетиева А.Т.);
- «Ақын О.Сүлейменовтың тілдік тұлға ретінде тезаурус деңгейінің лингвистикалық қайта көрінісі». (Жуминова А. Б.)
- «Мәтінді зерттеудегі филологиялық аспектілері» (Шетиева А. Т., Жуминова А. Б., Рысмаганбетова Г. Д., Унгарбаева Г. И., Куздыбаева А. А., Карашулакова М. Ж., Идрисова Э.Т.)
- Мәтінді зерттеудегі функционалды-коммуникативті аспектілері (Жуминова А. Б., Карашулакова М. Ж., Унгарбаева Г. И., Куздыбаева А. А., Беляева Л. В., Свиридова И. И.)
Кәсіптік білім беру сапасын арттыруда оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін пайдалану» (Жуминова А. Б., Исламгалиева В. Ж,, Артыкова Т. М., Халимуллина Н. Р.)
Жыл сайын кафедраның оқытушылары халықаралық, республикалық, өңірлік ғылыми конференцияларына, халықаралық қорлар, гранттар мен жобалардың бағдарламаларына қатысады. Профессор-оқытушылар құрамы ТМД және басқа да шет елдердегі халықаралық форумдарға, конференцияларға, семинарларға (ҚХР, Польша, Украина, Ресей, Өзбекстан) қатысады.
Республикалық және халықаралық ғылыми конференциялар өткізілді: «Тілдегі менталді деректердің көріністері» (2008), «Көптілділік және мәдениетаралық қатынас (2014), «Жаһандық контексте мәдениетаралық коммуникация: тіл, әдебиет және оқыту әдістемесі мәселелері» (2018). Бұл конференцияларға Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан,Астана және Алматы қалаларының өкілдері, Иран, Түркия, Қытай, Польша, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан ғалымдары қатысты.
«Тілдегі менталді деректердің көріністері» (қараша, 2008) халықаралық ғылыми-практикалық конференция
«Мәдениетаралық коммуникация жаһандану контекстінде: тіл, әдебиет және оқыту әдістемесі мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (сәуір, 2018ж.)
Халықаралық қатынас
Орыс филологиясының ғылыми-педагогикалық кадрларының сапа жағынан тез өсуі оның халықаралық қарым-қатынастарының кеңейуі мен жан-жақты болуына жол ашты. Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтымен, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтымен, Абай атындағы ҚазҰПУ., Гумилев атындағы Еуразия университетімен, А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетімен, Санкт-Петербург мемлекеттік университетімен, Ломоносов атындағы ММҰУ, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтымен, Ресей ғылым академиясының Шығыстану институтымен, П.Ершов атындағы Алтай мемлекеттік университетімен (Барнаул), Тарих, тіл және әдебиет институтымен, Уфа ғылыми орталығымен (Уфа, Ресей), Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетімен (Уфа, Ресей), Башқұрт мемлекеттік университетімен (Уфа, Ресей), Орал мемлекеттік педагогикалық университетімен (Екатеринбург, Ресей), Орынбор мемлекеттік университетімен (Орынбор, Ресей) ынтымақтастықта.
Оқытушылар және студенттер Алтай мемлекеттік университетінің профессоры Куляпинмен А.И.
Ресей мемлекеттік кәсіптік-педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Евтюгина А.А. «Орыс тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша сабақ өткізуде.
Орыс филология және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары жыл сайын Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ және басқада университеттерде ұйымдастырылған оқыту семинарларына қатысады. Кафедра оқытушылары сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша алыс шет елдерде оқу курстарына және тренингке қатысты: доцент Рысмаганбетова Г.Д. (Синь-Цзянь Экономика және қаржы университеті, Қытай), доцент Свиридова И.И. (Цукуба университеті, Жапония), оқытушы Абдрахманова Г.К. (Валенсия политехникалық университеті, Испания)
Кафедра оқытушылары Қытай, Жапония, Испания секілді шет елдерде тағылымдамадан өтті.
2014 жылы Рысмаганбетова Г.Д., «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының конкурсынан өтіп, оқытудың инновациялық әдістері және шетелдік оқу орындарының педагогикалық тәжірибелерін зерттеуде Лейден университетіндегі (Нидерланды) DAASICLON біліктілігін арттыру институтында тағылымдамадан өтті.
Доцент Рысманбетова Г.Д. Лейден университетінде тағлымдамада (Нидерланды).
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы