Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Оқу және ғылыми қызметі

«Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының жұмысы профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын жаңғыртып құрастырылатын оқу-әдістемелік құжаттар негізінде ұйымдастырылады. Шетел тілінің практикалық тұрғыдан оқытылуы келесі пәндерге негізделген: «Базалық шетел тілі», «Ауызша және жазбаша сөйлеу практикумы», «Грамматика практикумы», «Фонетика практикумы», «Арнайы шетел тілі», «Академиялық мақсатқа арналған шетел тілі», сонымен қатар т.б. пәндер оқытылады. Мамандық студенттерін оқыту «Екінші шетел  тілін» (неміс тілін) меңгеруге бағытталған. Мамандық студенттерінің қытай тілін оқуға мүмкіндіктері қарастырылған.

Жыл сайын кафедра оқытушылары халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болады. Кафедраның барлық оқытушылары Кембридж Университетінің Емтихан жөніндегі Кеңесі ұйымдастырған ТКТ (Teaching Knowledge Test) халықаралық үлгісіндегі емтиханын тапсырды. Сонымен бірге, кафедра оқытушылары жыл сайын университет негізінде біліктіліктерін арттырып, сертификат иеленеді. Оқытушылар университет және факультетте ұйымдастырылатын әдістемелік семинарларға қатысып, баяндамалары мен жобаларын сәтті қорғап, өзара тәжірибе алмасады. Кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмысымен айналыса отырып, өздерінің ғылыми мақалары, тезистері, баяндамаларын ғылыми жұмыстар және халықаралық, республикалық конференция жинақтарында жариялайды. Университет негізінде шет тілінде онлайн семинарларына қатысуға жағдай жасалынған.

6В01707-«Ағылшын тілі және информатика» ББ 1 курс 101 топ студенттері А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп- гимназиясына оқу практикасына барған болатын. Студенттерді мектеп директорының орынбасары Жантөре Мағрипа Қалдыбайқызы қарсы алды. Ол бізге конференция өткізіп, мектеппен таныстырды. Практика кезінде студенттер жауапкершілікті сезініп, сабақтарда оқушыларды бақылап, сыныптар тәрбие-сағатының қалай өтілуін бақылап отырған болатын. Практиканың соңында студенттер білім берудегі әдіс-тәсілдерді үйреніп шықты.

Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университетінде әлемге әйгілі профессор Дэвид Марштың (Финляндия) көптен күткен дәрістер топтамасы 2023 жылдың 1 ақпанында басталды. Ғалым шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы және халықаралық ынтымақтастық департаментіне ресми қызметкер болып жарты жүктемемен жұмысқа қосылды. Студенттер атынан Майра Алдиярова, Жазира Бекжанова, Эльмира Буранкулова және курстың бірлескен оқытушысы Айнур Бостековаға осындай ерекше мүмкіндік үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының

студенттердің академиялық ұтқырлық

2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 жж.

2020-2021 оқу жылында халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру мақсатында келесі студенттер шетелдік әріптес жоғары оқу орындарында оқудан өтті:

Слупск қаласындағы Помор академиясы (Польша):

  1. Жұлдыбекова Мирамгүл, 6В02302– Аударма ісі ББ-ның 2 курс студенті;
  2. Шадина Анель, 6В02302– Аударма ісі ББ-ның 2 курс студенті.

Каунас қаласындағы Витаутас Магнус университеті (Литва):

  1. Сейпенова Ақбота, 6В02302– Аударма ісі ББ-ның 3 курс студенті.

2021-2022 оқу жылының 1-жартыжылдығында халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру мақсатында келесі студенттер шетелдік әріптес жоғары оқу орындарында оқудан өтті:

Слупск қаласындағы Помор академиясы (Польша):

  1. Қазбекова Береке, 6В02303 – Шетел филологиясы ББ-ның 2 курс студенті.

Быдгощ қаласындағы экономика университеті(Польша):

  1. Ілияс Әсем, 6В02303 – Шетел филологиясы ББ-ның 3 курс студенті.

Уфа қаласындағы Башқұрт мемлекеттік университеті (Ресей):

  1. Мулдашева Аружан, 6В02302– Аударма ісі ББ-ның 3 курс студенті.

2021-2022 оқу жылының 2-жартыжылдығында халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру мақсатында келесі студенттер шетелдік әріптес жоғары оқу орындарында оқудан өтті:

Слупск қаласындағы Помор академиясы (Польша):

  1. Жұлдыбекова Мирамгүл, 6В02302– Аударма ісі ББ-ның 3 курс студенті;
  2. Шөңкеева Қымбат, 6В02303 – Шетел филологиясы ББ-ның 3 курс студенті;
  3. Күзембаев Камила, 6В02303 – Шетел филологиясы ББ-ның 3 курс студенті;
  4. Тәжден Аружан, 6В02303 – Шетел филологиясы ББ-ның 3 курс студенті;
  5. Өтепбергенова Ұлжан, 6В02303 – Шетел филологиясы ББ-ның 3 курс студенті.

Быдгощ қаласындағы экономика университеті(Польша):

  1. Қаныбек Жұлдыз, 6В02302– Аударма ісі ББ-ның 2 курс студенті;
  2. Алтыбай Ақниет, 6В02302– Аударма ісі ББ-ның 3 курс студенті.

Каунас қаласындағы Витаутас Магнус университеті (Литва):

  1. Маликова Дильназ, 6В02302– Аударма ісі ББ-ның 3 курс студенті.

2022-2023 оқу жылының 2 жартыжылдығында академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру мақсатында 6В01707 – Ағылшын тілі және информатика ББ-ның 2 курс студенті Орынбасарұлы Бақытбек Быдгощ қаласындағы экономика университетінде (Польша) оқуда.

Быдгощ қаласының Экономика университетінде (Польша)қос дипломды білім беру бағдарламасы аясында 2 студент білім алуда: 5В020700 – Аударма ісі ББ-ның студенті Жақсыбаева А. және  5В021000 – Шетел филологиясы ББ-ның студенті Асланова Л..

Аударма ісі мамандығы 201 және 202 топ студенттері Алғыс айту күнін атап өтті. Онда топ студенттері бір-біріне алғыстарын жазбаша және ауызша  білдірді.  2 топқа бөлінген студенттер

қазақтың салт-дәстүріне қатысты  қызу пікірталас өткізді. Ата-бабамыздың қаншалықты дана, асқан ақылды және көреген болғандығын мақтанышпен айтты. Бір-бірлерін құшақтап, жақсы сөздерін айтып, тарасты.

Инновациялық сабақтар аясында  “Ағылшын тілі және информатика” 203 тобының студенттері “Our University” жобалық жұмысын орындады. “Практикалық ағылшын тілі” пәні бойынша ” Education. University” Шетел филология және аударма ісі кафедрасының доценті ф.ғ.к. Искиндирова Салтанат Қуатқызының жетекшілігімен студенттер Ақтөбе өңірлік университетінің тарихын зерттеді. Қ. Жұбанова университет мұражайына барып, ф.ғ.к., доцент Жұбанова Ардақ Есетқызынан (лингвист ғалым Құдайберген Жұбановтың немересі) сұхбат алып, Құдайберген Жұбановтың өмірі мен ғылыми қызметі туралы көптеген пайдалы ақпаратты білді. Жобалық жұмыстың мақсаты-ағылшын тілінде практикалық қарым-қатынас дағдыларын дамыту, тақырып бойынша сөздік қорын кеңейту, өз бетінше білім алу, өмірлік тәжірибені байыту. Жобалық жұмыс эссе жазумен және біздің университет туралы ағылшын тілінде бейнеролик жасаумен аяқталды.

2023 жылдың 4 сәуір айында ”Шетел филологиясы және аударма ісі” кафедрасының аға оқытушылары А.Б.Утегенова және Ж.С.Турлан ғылым айында лексика-грамматикалық тест өткізді. Лексика грамматикалық тестке 98 студент қатысты. Олар: ”Ағылшын тілі және Информатика”, ”Шетел филологиясы” сонымен қатар “Аударма ісі” Білім бағдарламаларының 2 курс студенттері.
Тест қортындысы бойынша олимпиаданың екінші кезеңіне өткен студенттер тізімі :
1 орын :
1.Әбутәлі.М
2. Айзакова.М.

2 орын: 1. Қанат.С
2. Советова.Г.
3. Бисекенова.А.
4. Ғаббас.С.
5. Мананова.Ж.
6. Бауыржанқызы.А.
7. Қалабаева.А.

3 орын:
1. Мұханбетова.А.
2.Жүсіпбекова.Д.
3. Базарғали.А.
4.Ержанова. А.
5. Утенова.Д.
6. Тәуен.А.
7.Өмірзақ.Р.
8.Ерғазы. А.

Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Филология факультетінің «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан Ғылым айы аясында кафедра оқытушылары Әбдіғалиева Ж.С. және Фурман О.В. «6B02302 -Аударма ісі» ББ 2-3 курс студенттерінің қатысуымен «Үздік аудармашы» сайысын өткізді. Онда студенттер Британдық Кеңестің ресми сайтынан алынған аудио жазбаларға бірізді ауызша аударма жасады. Аударма барысында студенттер аударма тұтастылығы, сөздерді бұрмаламау, мәтінді толық жеткізу, сөйлеудің дұрыстығы, сөйлеу жылдамдығы тәрізді бірізді аударманың талаптарын барынша орындай білді. Бұдан бөлек, қатысушылар сөз сөйлеу сенімділігі,еркіндік, сабырлылық және ұстамдылық секілді аудармашылық мінез-құлықтың қалыптасқандығын байқатты. Сайыс нәтижесінде төмендегідей орындар берілді, қазақ бөлімі бойынша:

1- орын: Мухамбеталина Арайлым, «6B02302 -Аударма ісі» ББ 3 курс ;

2 – орын: Қаныбек Жұлдыз, «6B02302 -Аударма ісі» ББ 3 курс;

3- орын: Бакенова Айдана және Садыкова Мөлдір «6B02302 -Аударма ісі» ББ 3 курс.

Орыс бөлімі бойынша:

1- орын:  Кызылова Ляззат, «6B02302 -Аударма ісі» ББ 3 курс;

2 – орын: Булекова Сара, «6B02302 -Аударма ісі» ББ 3 курс;

3 – орын: Кузьменко Александр, «6B02302 -Аударма ісі» ББ 3 курс.

Қ.Жұбанов атындағы АӨУ филология факультетінде Ғылым айы аясында «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының оқытушылары-  доцент А.Е. Сарбасова және аға оқытушы А. М. Кузясова 18.04.2023 ж. «6В02302-Аударма ісі» және  «6B01707- Ағылшын тілі және информатика» ББ 1-2 курс студенттерінің қатысуымен “Мagic world of English sounds” фонетикалық байқауын өткізді. Байқау 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең жазбаша түрде өтті, фонетикалық диктантқа барлығы 22 студент қатысты. Нәтижесінде  екінші кезеңге 8 студент өтті. Екінші кезең шарттары бойынша студенттер ағылшын тілінде жаңылтпаштар айтып, В.Шекспир сонеттерін оқыды.

Жүлделі орындарға А. Орынбасарова, А. Бижанов, Н. Өтепова ие болды, қалған қатысушылар белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

2023 жылғы 24 сәуірде Ғылым және әдістемелік айы аясында филология факультетінің “Шетел филологиясы және аударма ісі” кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы Э. Т. Буранкулова “6В01707-Ағылшын тілі және информатика” ББ 202 тобында “Sport” (Пән: Практикалық ағылшын тілі) тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта барлық дағдылар мен жаңа әдістер қолданылды, сабақ өте қызықты болды. Кафедра оқытушылары қатысты.

04.05.2023 күні «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының аға оқытушысы Төлегенова Г.Ғ 6В01707- Ағылышын тілі және информатика ББ, 201 тобында «Sports» тақырыбына арналған ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты студенттердің сөйлеу, тыңдау, жазу, оқылым дағдыларын дамыту болып табылады. Сабақ барысында заманауи технологиялар мен жаңартылған әдістер қолданылды. Ашық сабаққа кафедраның оқытушылары қатысты. Сабақ өте мағыналы әрі қызықты өтті. Сабақ өз мақсатына жетті.

2023 жылдың сәуірдің 27 күні филология факультет3 «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының доценті Ержанова Г.А. 6В02302-Аударма iсi ББ 101 тобында «English Tenses(revision)» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ интерактивті түрде өтті. Ашық сабаққа кафедра оқытушылары қатысты.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде дәстүр бойынша жыл сайын “Ғылым апталығы” өткізіледі, ал ағымдағы 2023 жылы “Ғылым айы”басталды. Ғылым айы аясында кафедраның жауапты оқытушылары келесі іс-шараларды өткізді:Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде дәстүр бойынша жыл сайын “Ғылым апталығы” өткізіледі, ал ағымдағы 2023 жылы “Ғылым айы”басталды. Ғылым айы аясында кафедраның жауапты оқытушылары келесі іс-шараларды өткізді: Жалпы диктант  1-3 курс студенттері арасында ағылшын, неміс және қытай тілдерінен олимпиада “Magic world of English sounds”фонетикалық байқауы  “TedX” Жобасы (TedTalks)  “Үздік аудармашы”байқауы  “Менің ғылыми зерттеулерім” магистранттарға арналған дөңгелек үстел  “Үздік үйірме” және “Жылдың студент-зерттеушісі” ғылыми үйірмесінің байқауы  Дипломдық жобалар мен магистрлік жұмыстарын  алдын ала қорғау.Ғылыми әлеуетті одан әрі дамыту мақсатында келесі шаралар ұйымдастырылды және өткізілді:  “Becoming an International professional Language Educator” вебинары (Дэвид Марш, Educluster Finland инновациялар және сыртқы байланыстар жөніндегі директоры, Ювяскюль университетінің тобы, Финляндия),  “Inequalities in the history textbooks in Kazakhstan: research outcomes of the project” тақырыбында жас ғалымдарды оқыту бойынша ғылыми семинар (PhD, доцент Ж. Е. Бекжанова),  “Constructive Aligment Theory in Course Design” ғылыми-әдістемелік семинары (Фурман О. в.),  “Blending English language lessons” ғылыми-әдістемелік семинары ( профессор Угур Ада Токат университеті, Түркия)        Барлық жоспарланған іс-шаралар шетел филология және аударма  кафедрасының студенттерінің, магистранттарының және ПОҚ ғылыми әлеуетін көрсетті, оны жоғары білім мен ғылым жүйесін интеграциялау үшін пайдалануға болады.        Ғылым айы Шетел филология және аударма ісі кафедрасында өте қарқынды өтті. Кафедра ғалымдары өздерінің тәлімгерлерімен ғылыми тәжірибелерімен бөлісті.  Ғылым бізге өмірімізді жақсартатын және түсінікті ететін баға жетпес білім мен жетістіктер әкеледі. “Шетел филологиясы”, “Аударма ісі” және “Ағылшын тілі және информатика” білім беру бағдарламаларының барлық студенттері мен магистранттарына кафедраның ПОҚ жаңа жетістіктер  және  әлемдік танымалды тілейді.

2023 жылдың 6 мамыр күні ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған Scaffolding PUDP жобасының соңғы сессиясы өтті. Мектеп және колледж мұғалімдері Қ.Жұбанов атындағы университет базасында АҚШ елшілігінің демеушілігімен Ақмола облысының ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығымен (ARELTA) ұйымдастырылған және жергілікті оқытушы Ольга Фурман жүргізген 15 апталық біліктілікті арттыру курсынан өтті. Жоба барысында тренингтер өткізу сапасына мониторинг жүргізілді. 15 сәуірде АҚШ Елшілігінің ағылшын тілі бағдарламаларының үйлестірушісі Ольга Патерова «Сыни және креативті ойлау», «TESOL конференциясына онлайн қатысу және ағылшын тілінің шынайы ресурстары» атты екі сессияға қатысты. Ольга Патерова Ақтөбе мұғалімдерімен ағылшын тілі бағдарламалары туралы ақпаратпен бөлісті. Соңғы сессияларға ARELTA Президенті Айнагүл Исмағұлова қатысты. Мұғалімдер өздерінің қорытынды жобаларын – авторлық курстардың көрме презентацияларын ұсынды. Қатысушылар бұл жоба оларға әрі қарай кәсіби дамуға сенімділік пен мотивация бергенін атап өтті. Мұғалімдер алған білімдері мен дағдыларын өз мектептерінде әріптестермен бөлісіп жатыр.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы