Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы – Материалдық-техникалық база

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Материалдық-техникалық база

Мамандық студенттерін оқыту үрдісі шетел тілі факультетінің арнайы компьютерлермен, интерактивті тақталармен жабдықталған аудиториялар мен дәріс залдарында жүргізіледі. Студенттердің ағылшын тілінде дұрыс сөйлеу дағдыларын жетілдеру мақсатында «Практикалық фонетика», «Базалық шетел тілі», «Екінші шетел тілі» пәндері бойынша сабақ аутентикалық аудио, бейнетаспа материалдарымен жұмыс жасау мүмкіндіктерін беретін, арнайы техника құралдарымен жабдықталған «Ауызша сөйлеу лабораториясында»  өткізіледі. Аталған мамандық студенттері оқу, көркем, анықтама әдебиет қорымен медиатекада жұмыс жасайды.

Бакалавр мамандарын сапалы дайындау барысында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы оқу-әдістемелік құжаттарды: жұмыс бағдарламаларын, силлабустар, дәрістердің қысқа конспектілерін, практикалық (семинар) сабақтарына арналған әдістемелік нұскауларды пәннің оқу-әдістемелік кешендерді жаңғыртып  дайындап отырады. Барлық жасалған құжаттар кафедрада, факультет кітапханасында пайдалануға беріледі. Кафедраның әдебиет қорында танымал Longman, Macmillan т.б. баспалардың басылымдары бар.

Кафедра филиалдары:

  • Мәртөк ауданындағы №2 Мәртөк мектеп-гимназиясы,
  • «Зере Тур» ЖШС,
  • «Ақбөбек» мектебі,
  • «Intense Pro» ЖШС,
  • «АСЕРАС» оқу орталықтары

Сабақтардың барлық түрлерін өткізуді қамтамасыз ететін материалдық-техникалық база жұмыс оқу жоспарында қарастырылған. Материалдық-техникалық база оқу корпусының (Гришина к-сі, 7а) оқу кабинеттерімен және зертханаларымен, сабақ өткізуге арналған компьютерлік сыныптармен жабдықталған интегралды кабинеттері бар болуымен қамтамасыз етіледі.

Тиімді білім беру инфрақұрылымын құру университеттің өз миссиясын табысты орындауының қажетті шарты болып табылады. Жыл сайын жаңа оқу жылына сынып қорына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, дайындалуда.

Жабдықталуы мен жеткіліктілігі жағынан сынып қоры жалпы білім беру бағдарламаларының мақсаттарына сәйкес келеді. Университет білім беру бағдарламаларының иелігіндегі ресурстардың (аудиториялар, зертханалар, компьютерлік техника және бағдарламалық қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер нәтижелерінің халықаралық деректер базасына қол жеткізу, оқу-әдістемелік кешендері мен материалдары және т.б.) жеткіліктілігі мен заманауилығын жүйелі түрде талдап, материалды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді. Білім бағдарламасының  білім беру сапасын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылатын техникалық және ақпараттық ресурстар кеңінен қолданылады.

Оқу процесінде пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарына жауап беретін заманауи жабдықтар қолданылады.

Әрбір зертханада мамандандырылған аудиторияда, студенттердің сабақ кезіндегі қауіпсіздік техникасы сақталып, білім алушылардың мінез-құлық ережелерін реттейтін ақпараттық стендтер, кабинеттердің төлқұжаттары және тиісті жабдықтары бар. Студенттерге қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық беріледі.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы