Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы – Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

Бакалавр-филолог филологиялық білім саласында гуманитарлық бағыттағы орта профильді және кәсіби, орта мектептен кейінгі кәсіби оқу орындарында шетел тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы ретінде белгіленген тәртіпте өзінің кәсіптік қызметін атқара алады. Сондай-ақ, кіші санаттың филолог-зерттеушісі ретінде салаға сай ғылыми ұйымдарда жұмыс істей алады. Мекемелерде филолог-ізденуші ретінде қызмет істей алады, БАҚ, басқа да әлеуметтік-гуманитарлық қызмет салаларында, мәдени мекемелерде филология саласы бойынша біліктілікті қажет ететін практикалық қызмет атқара алады.

Құжаттама есебі бойынша 5В021000 – «Шетел филологиясы» мамандығының 2018 жылы шамамен 80% бітірушілері жұмысқа орналасты. Олардың көбі Ақтөбе қаласының оқу орталықтарына ағылшын тілі мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданды («Дарина» лингвоорталығы, «ISMA» оқу орталығы, ЖШС «DreamBuilders», «BEST» оқу орталығы, «Синквейн» оқу орталығы, ЖШС «Международное обучение», «Interlinqua» оқу орталығы және т.б.). Көптеген түлектер орта мектептерге ағылшын тілі мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданды (№ 19 ОМ, №51ОМ, №61 ОМ, №20 ОМ, №25 ОМ, №5 ОМ, №17 ОМ және т.б.). Осы мамандықтың кейбір түлектері Ақтөбе қаласының колледждеріне ағылшын тілі оқытушысы ретінде жұмысқа орналастырылды (Ақтөбе кооперативтік колледжі, Ақтөбе автожол колледжі). Сонымен қатар, біздің түлектеріміз референт және аудармашы көмекшісі ретінде жұмысқа қабылданды («AgipKCO»,  «Mankent» аударма орталығы және т.б.).

«Аударма ісі» мамандығының түлектері түрлі компаниялар мен фирмаларда жоғары қызметтік міндеттер атқарады, олар: ТШО Құлсары қаласы, «Алтиус Петролеум Интернешнл» ЖШС Ақтөбе қаласы, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» ЖШС Ақсай қаласы, СНПС «АқтөбеМұнайГаз» Ақтөбе қаласы, «Шлюмберже Лоджелко Инк.» Ақтөбе қаласы, «Достық Мұнай Құрылыс» ЖШС Ақтөбе қаласы, «Сан Дриллинг» Ақтөбе қаласы.

2018 жылы «Аударма ісі» мамандығының бітіруші түлектері 100 пайыз жұмыспен қамтылды. Біздің студенттер оқу және өндірістік тәжірибеден Ақтөбе және басқа облыстардағы түрлі кәсіпорындар мен фирмаларда өтеді. Олардың қатарында ТШО Құлсары қаласы, «Алтиус Петролеум Интернешнл» ЖШС Ақтөбе қаласы, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» Ақсай қаласы, СНПС «АқтөбеМұнайГаз» Ақтөбе қаласы, «Шлюмберже Лоджелко Инк.» Ақтөбе қаласы, «Достық Мұнай Құрылыс» ЖШС Ақтөбе қаласы, «Сан Дриллинг» Ақтөбе қаласы және басқалары бар.

Біздің түлектеріміз өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуда. Жыл сайын сәуір айында кафедра кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары мен мамандарын шақырып, «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізеді.

Жұмысқа орналастыру бойынша тиімді жұмыс жасау, студенттер мен түлектерге кәсіптік даму саласын таңдауда жәрдемдесу үшін Қ.Жұбанов атындағы АӨУ қабылдау және кәсіптік бағдар беру бөлімі жұмыс істейді. Бөлім жұмыс берушілермен ашық кездесулер, жұмысқа орналасау жәрмеңкелерін өткізеді, жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі. Бөлім білім алушыларға мансаптық шешімдер қабылдауда және жұмыс іздеуде кәсіби көмек көрсетеді, кәсіптік бағдар беру консультацияларын, семинарлар мен тренингтер, іскерлік этикет бойынша сабақтар өткізеді, практикадан өту бойынша ұсынымдар әзірлейді.

2020 жылдың 20 мамырынан бастап Қ. Жұбанов атындағы АӨУ өзінің түлектері мен жұмыс берушілері үшін жаңа онлайн-платформа-цифрлық вакансия жәрмеңкесін ашты, оның басты мақсаты бакалавриат пен магистратура түлектерін жұмысқа орналастырудың қарапайым және жылдам тәсілі болып табылады. Zhubanov University электрондық биржасына тіркеле отырып, түлектер өздері туралы мәлімдей алады, түйіндеме орналастыра алады, қолда бар бос жұмыс орындарын көре алады. Жұмыс берушілер жаңа сервистің көмегімен бос жұмыс орындарын жүктей алады, әлеуетті қызметкер туралы деректерді көре алады, жастарды әңгімелесуге шақыра алады (https://facultetus.kz/fairs/arsu/manage).

Біздің түлектер-біздің мақтанышымыз. Біздің 6В02303 – “Шетел филологиясы” ББ түлегі М.Мұқатов ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры болып жұмыс істейді.

ББ басшылығы түлектердің жұмысқа орналасуына және кәсіби қызметіне жыл сайынғы мониторингті жүзеге асырады. Осы мақсатта факультет түлектерімен кері байланыс сақталады. 

ОP аккредиттелетін білім алушыларды жұмысқа орналастыру жөніндегі деректер

6В02302 – Аударма ісі және 6В02303-Шетел филологиясы ББ басшылығы тәжірибе базасын кеңейту мақсатында қала және облыс кәсіпорындарымен шарттар жасасу жұмыстарын жоспарлауда. 2017-2018, 2018-2019 және 2019-2020 оқу жылында оқу процесінің кестесіне сәйкес 3-4 курс студенттері Ақтөбе қаласының әртүрлі кәсіпорындары мен оқу орталықтарында өндірістік практикадан өтті. 2020-2021 оқу жылында 4 курс студенттері үшін өндірістік практикадан өту үшін база ретінде Ақтөбе қаласы мен облыстың кәсіпорындары мен оқу орталықтары таңдалды: “Success” оқу орталығы, “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” акционерлік қоғамы, Darabala оқу орталығы, ATSERVICE оқу орталығы, Дуние “колледжі, Хромтау ауданының №6 гимназиясы, “Destination” оқу орталығы, мемлекеттік мекеменің Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектебі, “Darina” оқу орталығы, “Байғанин аудандық білім бөлімі” ММ, “BugalaiServiceEngineering” ЖШС,”МостАктобе” ЖШС, Жаңашаруа қазақ орта мектебі, “IronExpert” ЖШС, М.Оспанов атындағы медицина университеті, “OMAC Integrated” Сарыжар ЖОББМ, Ақтөбе автожол колледжі, “Сағыз Петролеум Компани” ЖШС, “LinguaSchool” оқу орталығы, “Intensepro” аударма бюросы, “Асерас” оқу орталығы, “Proenglish” оқу орталығы, “OilOrgsintezAktobe” компаниясы, “Болашақ” оқу орталығы,  “Crown” оқу орталығы.

Есепті кезеңде оқу процесінің кестесіне сәйкес 6В02302- Аударма ісі  және 6В02303-Шетел филологиясы ББ 2, 4 курс студенттері қала мен облыстың 12 түрлі кәсіпорындарында өндірістік практикадан өтті: “Зере Тур” ЖШС, Ақтөбе, “Мұнайгаз Инжиниринг” ғылыми-өндірістік фирмасы ЖШС, «Каспийстройсервис И К» ЖШС, Құлсары, “Батыс-Мұнай” ЖШС, Ақтөбе, ЖК Дарментаева А. Р.  “Планета және біз” фирмасы, Ақтөбе, ЖК Галиева А. А. “Endur Travel.kz”, Орал,” СНПС – Ақтөбемұнайгаз” АҚ, “SunriseEnergyKazakhstan” ЖШС, Ақтөбе, “ҚазақОйлАқтөбе” ЖШС, Ақтөбе.

6В02302- Аударма ісі және 6В02303-Шетел филологиясы ББ бойынша студенттер 1-курста оқу практикасынан, 2-4 курстарда өндірістік практикадан және 4-курста диплом алдындағы практикадан өтеді.

Кафедра филиалдары -“Зере Тур” ЖШС, “IntensePro” аударма компаниясы 6В02302-Аударма ісі ББ түлектерін өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша жұмысқа шақырады.

Шетел филологиясы және аударма кафедрасының 6 филиалы ашылды. Бұлар :  № 2 Мәртөк мектеп-гимназиясы, Ақтөбе гуманитарлық колледжі, “Зере Тур” ЖСШМ, “Ақбөбек” мектебі, “INTENCEPRO” ЖСШМ, “ӘСЕРАС” оқу орталығы, Халел Досмұхамедұлы атындағы №35 орта мектебі. “Зере тур “ЖШС-мен дуальды оқыту бойынша шарт жасалды. “Зере тур” ЖШС директоры  Крамбаева Б.Х. 5В020700 ББ  – Аударма ісі білім алушылары үшін 1 жартыжылдықта 4 курс студенттеріне арналған ақпараттық аударма практикасы пәні бойынша практикалық сабақтар өткізеді.

Кафедра филиалдары:

  • № 2 Мәртөк мектеп-гимназиясы;
  • ЖШС «ZereTour»;
  • «Акбобек» мектебі;
  • ЖШС «IntensePro»;
  • «АСЕРАС» оқу орталығы;
  • №35  орта мектебі.

Айткожина Гульмира
Бітірген жылы: 2006
Астана каласы, FTG Development құрылыс компаниясы, аудармашы
E-mail: gulkozha@mail.ru

Кадирова Сауле
Бітірген жылы: 2013
«Фирма Ада Ойл» ЖШС
Әкімшілік маманы

Мырзабекова Мархаббат
Бітірген жылы: 2018
КПО б.в., Ақсай қаласы
Үштілді техникалық әдебиет аудармашысы
E-mail: markhabatmyrzabekova@gmail.com

Дауенов Бостандық
Бітірген жылы: 2014
КПО б.в., Ақсай қаласы.
Үштілді техникалық аудармашы
E-mail: dauyeb@gmail.com

Токашев Батыржан
Бітіргенжылы: 2016
«Тенгизшевройл» ЖШС
Қауіпсіздік техника маманы
E-mail: batyrzhantokashev@tengizchevroil.com

Каримова Самал Сериковна
Бітірген жылы: 2011
“Geotech” ЖШС, аудармашы
E-mail: J.S.09@mail.ru

Абилжан Ернар Ергадиулы
Бітірген жылы: 2016
ТОО «Senimdi Kurylys»,
Материалды үйлестіруші
E-mail: abillzhanov.94@gmail.com

Төлемісов Бекназар Ерланұлы
Бітірген жылы: 2014
«Білім-инновация» арнайы лицей-интернаты, Ақтөбе қаласы
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
E-mail: beknazar.tolemissov@gmail.com

Бекбаганбетов Нурбол Орынбасарович
Бітірген жылы: 2010
“Кемел Білім” мектеп-интернаты
Оқу жөніндегі директор орынбасары
E-mail: nurbolb@gmail.com

Қартжан Нарқозы Есенгелдіұлы
Бітірген жылы: 2017
Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, ректор кеңесшісі
E-mail: narkozy95@gmail.com

Жуванышева Венера Қонақбайқызы
Бітірген жылы: 2007
«Oxford»тіл орталықтар желісідиректоры
E-mail: Venus_21.07@mail.ru

Өтеғұлов Оралбек Жұбаналыұлы
Бітірген жылы: 2015
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
E-mail: johnfkennedy@mail.ru

Журмагамбетов Сержан Максатулы
Бітірген жылы: 2018
«Білім-инновация» арнайы лицей-интернаты, Ақтөбе қаласы
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
E-mail:zhurmagambetov@gmail.com

Буркутова Анаргуль Жумагалиевна
Бітірген жылы: 2014
«Ақбөбек»білім беру орталығы
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
E-mail: anargul.burkutova@gmail.com

Мукатов Меирбек
Бітірген жылы: 2015
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Стратегиялық жоспарлау департаменті директоры
E-mail: Meirbek.mukatov@alumni.nu.edu.kz

Жакина Диана Габитовна
Бітірген жылы: 2009
А.Байтұрсынұлы атындағы № 24 лингвистикалық мектеп-гимназиясы
Ағылшын тілі пәні мұғалімі

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы