Әлем тілдері кафедрасы – Кафедра тарихы
Әлем тілдері кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Кафедра тарихы
Кафедра тарихы университетіміздің қалыптасу және даму тарихымен тығыз байланысты. Ол 1966 жылы алғашқылардың бірі болып ашылып, келесі құрамда жұмыс істей бастады: кафедра меңгерушісі Б. В. Дедикова, неміс тілінің аға оқытушысы Л. Ф. Кононец және ағылшын тілінің аға оқытушысы Т. А. Аванесова.
Өзінің қалыптасуының басында кафедра екі факультетке қызмет көрсетті: филология және математика.
Бірнеше жылдан кейін жаңа факультеттер ашылып, әр жаңа факультет үшін оқытушылар тиісті оқу материалдарын әзірледі: мамандық бойынша мәтіндерді таңдады; күндізгі және сырттай бөлімдер үшін әдістемелік әзірлемелерді жасады; жұмыс бағдарламаларын дайындады және т. б.
1967 жылы кафедра оқытушылары жаңадан ашылған ағылшын тілі кафедрасына, содан кейін филология факультетіне қабылдау емтихандарын қабылдады.
1976 жылы шетел тілдері факультетінде неміс тілі кафедрасы ашылып, 1979 жылға дейін осы кафедра студенттеріне біздің кафедраның оқытушылары қызмет етті. Одан кейін 1979 жылы неміс тілі кафедрасы ұйымдастырылды.
Студенттер санының өсуіне байланысты шет тілдер кафедрасын ашу туралы шешім қабылданды, оның оқытушылары тілдік емес факультеттерде сабақ жүргізді. 1983 жылдың қыркүйегінен 1996 жылдың қазанына дейін кафедраны аға оқытушы Н.Ф.Мухаметхузина басқарды.
1996 жылдың қазанынан 2011 жылдың қыркүйегіне дейін кафедраны аға оқытушы С. В. Нягу басқарды.
2011 жылдың қыркүйек айынан 2016 жылдың мамыр айына дейін кафедраны аға оқытушы А. С. Мусралина басқарды.
2016 жылдың мамыр айында кафедра таратылды. Оқытушылар көптілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін әртүрлі факультеттердің кафедраларына тағайындалды.
2022 жылдың 1 ақпанынында кафедра қайтадан құрылып, «Әлем тілдері кафедрасы» деп аталды.
Құрылымдық бөлімшенің кадрлық әлеуеті 17 аға оқытушыдан, 14 оқытушыдан тұрады.
15 оқытушының магистр дәрежесі бар, 1 оқытушы – филология ғылымдарының кандидаты.
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы