Әлем тілдері кафедрасы – Жетістіктер
Әлем тілдері кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Кафедра жетістіктері
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысады, оқу процесін ұйымдастыруда және университетіміздің ғылыми-зерттеу жұмысын дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген .
Кафедра оқытушылары мерзімді түрде біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Жыл сайын кафедра оқытушылары халықаралық үлгідегі сертификаттар иегерлері атанып жүр. Кафедра оқытушыларының басым бөлігі Кембридж университетінің Емтихан Кеңесімен құрылған ағылшын тілі оқытушыларына арналған ТКТ (Teaching Knowledge Test) халықаралық емтиханын тапсырды.
Кафедра оқытушылары Жумагул Д.К., Масалимова А. С., Накешева С.Т., Байжанова А. А., Берстенова А. Б., Махсутова А. Д. TOEFL ITP Test (2021) халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болды.
Кафедраның аға оқытушылары Умирзакова С. Е. (Берлин қ., 2011ж.) және Накешева С. Т. (Мюнхен қ., 2010ж.) Goethe-Institut желісі бойынша конкурстарға қатысып, Германияда біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Кафедраның аға оқытушылары Салимгерей З.М. және Сагиева А. Т. 2015 жылы Валенсия қ. (Испания) политехникалық университетінде шетелдік тағылымдамадан өтті.
Кафедра оқытушылары Байжанова А. А., Шакеева А. С. және Турмагамбетова Г. Н. 2017 жылы Порто қаласының (Португалия) жоғары техникалық университетінде шетелдік тағылымдамадан өтті.
Оқытушылардың көпшілігі “Өрлеу” БАҰО АҚ республикалық біліктілікті арттыру институтында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Сондай-ақ кафедра оқытушылары жыл сайын университетіміз ұйымдастыратын біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, сертификаттар алады.
Студенттердің пәндік олимпиадалар мен конкурстарға қатысуы
және жетістіктері.
Аға оқытушы Сагиева А.Т. кәсіби-шығармашылық Факультетінің “Дизайн” мамандығының студенттерін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті құрылуының 25 жылдығына арналған шет тілдерінен (ағылшын, неміс, француз, испан, итальян) жыл сайынғы Халықаралық олимпиадаға дайындады. 1 курс студенті Куракбаева Малика ағылшын тілінен 1-ші орын алып, 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Студент Алтаев Альтаир үздік 50 студент қатарына енді. Оқытушы алғыс хатпен марапатталды.
“Музыкалық білім” білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Жұмабаев Нұрбол мен Өмірзақова Мадина “Covid & Knowledge: the way Forward” (Ниш қ., Сербия – 2020 ж.30 қараша) Халықаралық ғылыми жобасына қатысып, “Expressive interaction with music” and “The world music awards”тақырыбы бойынша 1 және 2 орын алды. Студенттердің ғылыми жетекшісі-аға оқытушы Сагиева А. Т.
Жаратылыстану факультетінің 1, 3 курс студенттері 02.11.21 ж. “Amazing English”,”English Communication”, “English Learning”, “Traveling” ағылшын тілі бойынша халықаралық викториналарға, олимпиадаларға қатысып, 1,2 орын алып, грамоталармен марапатталды, ал студенттердің жетекшілері М.Е. Доскеева, Г. И. Жалелова, Г. Б. Сағиева алғыс хаттармен марапатталды.
Біздің университетіміздің тілдік емес мамандықтарында оқитын студенттер IELTS, TOEFL және т.б. жалпы танылған халықаралық тесттерден сәтті өтіп, шет тілін жоғары деңгейде меңгеру дағдыларын көрсетті.
Экономика және құқық факультетінің аға оқытушысы Шакеева А.С., “Құқықтану” мамандығының студенті Кужанова Аружан ағылшын тілін менгеруімен айналысып, IELTS халықаралық емтиханын тапсырып, қажетті нәтижеге қол жеткізді. (4,5 б)
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы