Әлем тілдері кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі

Әлем тілдері кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Әлем тілдері кафедрасының оқу және ғылыми қызметі

Кафедра университеттің негізгі оқу және ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады және филология факультетінің құрамына кіреді.

Кафедраның оқу қызметінде 23 оқытушы бар: оның ішінде 9- магистр, 8- аға оқытушылар.

Университеттің тілдік емес мамандықтары бойынша кафедра оқытушылары оқу жұмысын атқарады: әлем тілдері кафедрасы барлық факультеттерде шетел тілін (ағылшын) оқытуды қамтамасыз етеді. Неміс, түрік, қытай, корей тілдерін оқыту жоспарланып отыр. Кафедраның барлық оқытушыларының білімі оқытылатын пәндерге сәйкес келеді.

Кафедраның ғылыми қызметті белсенді түрде жүзеге асырылып отыр:

  1. Кафедра оқытушылары әртүрлі республикалық және халықаралық басылымдарда ғылыми мақалалар дайындап, жарияланды;

Scopus – 4 (Сагиева А. Т., Салимгерей З. М.)

ККСОН

14 мақала, РИНЦ -1, WEB of SCIENCE -1 (Сагиева А.Т., Накешева С. Т., Масалимова А. С., Шакеева А. С., Байжанова А. А., Берстенова А. Б., Тулебаева Н. Н., Исабергенова Ж. Т., Турмагамбетова Г. Н., Мусралина А. С., Ракишева Ж. Б., Сәлімгерей З. М.)

Хабаршы Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ Доскеева М. Е.-1 мақала

  1. Кафедра оқытушылары студенттік жобалар мен ғылыми мақалалардың ғылыми жетекшілері болып табылады:
  2. Доскеева М. Е. – 6 студенттік ғылыми мақала жарияланды.
  3. Сагиева А. Т. – “Covid & Knowledge: the way Forward” халықаралық ғылыми жобаға қатыстырып, жүлделі орындарға ие болды. (Ниш, Сербия,2020).

III. Оқытушылар оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік құралдарды дайындап және баспадан шығарып, осы оқу үдерісінде белсенді қолданып келе жатқан – 20-дан астам оқу құралдары бар.

Көптеген оқытушылардың жарияланған оқу құралдарына авторлық құқығы бар.

VI. Оқытушылар түрлі ғылыми-әдістемелік жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды:

– Накешева С.Т. – Жұбанов атындағы АӨУ 2020 әдістемелік жобалар байқауына қатысып «Кәсіби оқытушы» номинациясы бойынша диплом алды

– Исабергенова Ж.Т.

  1. 2018 жылы «Интерактивті формадағы үздік ашық сабақ» байқауына қатысып 2 орынды иеленді;
  2. 2020 жылғы конкурс қорытындысы бойынша “студенттермен субъектілік-субъектілік өзара іс-қимылды қамтамасыз ету”номинациялары бойынша марапатталды
  3. Берстенова А.Б.
  4. Әдістемелік жобалар байқауына қатысу: «Үздік әдістемелік жоба» Жұбанов атындағы АӨУ тақырыбындағы жоба презентациясы: «Activ Inspire интерактивті бағдарламасы көптілді топтардағы шет тілі сабақтарында SOFT ClIL тиімді пайдалану үшін ең жақсы онлайн оқыту үрдісі», мамыр, 2021 ж. (сертификат)

V.Оқытушылардың студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту бойынша тәжірибелері  де бар. Студенттерді халықаралық ұтқырлық бағдарламасына дайындауға белсенді ат салысады.

VI. Физика-математика факультетінде оқытушылар «English Club» ұйымдастырды, көптеген студенттер үлкен қызығушылық танытып, оқытылатын тілдің әлемі мен мәдениетін ерекшелігін таныту. (Байжанова А.А., Берстенова А.Б., Тулебаева Н. Н.). Болашақта мұндай жұмыс басқа факультеттерде ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы