Қазақ әдебиеті кафедрасы – Кафедра тарихы

Қазақ әдебиеті кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Кафедра тарихы

Кафедра бакалавриаттың 4 білім бағдарламасы және магистратураның 2 білім бағдарламасы, докторантураның 1 білім бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды: 

Бакалавриат: 

  • 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»;
  • 6B01705 – «Қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті»;
  • 6B02304 – «Филология: қазақ филологиясы»;
  • 6В02301 – «Цифрлық лингвистика». 

Магистратура: 

  • 7М01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»;
  • 7М02304 – «Филология». 

Докторантура: 

  • 8D02304 – «Филология».

КАФЕДРА ТУРАЛЫ 

1989 жылы университетте қазақ филолог мамандарын даярлау басталғанда ашылған «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының құрамында болған Қазақ әдебиеті кафедрасы 1990 жылы 18 шілдеде дербес кафедра болып құрылды. Кафедра ұжымы 1998-2008 жылдары журналист мамандарды даярлауға қатысты.

Кафедраны әр жылдары филол.ғ.д., профессор Ә.М.Молдаханов (1990-1992, 1999-2006); ф.ғ.д., профессор Б.Т.Бораш (1992-1998); ф.ғ.к., доцент С.Ж.Бермағанбет (1998-1999); ф.ғ.д., профессор А.Ш.Пангереев (2006-2015), ф.ғ.к., доцент М.Р.Балтымова, доцент, PhD, доцент А.С.Кушкимбаева, ф.ғ.к., доцент Н.А.Садуақас., аға оқытушы Г.К.Тәңірбергенова, АӨУ профессоры Б.С.Қарағұлова,  PhD, аға оқытушы Н.Қ.Құлтанбаева басқарды.

2004-2010 жылдары кафедра жанынан ашылған 10.01.02-«Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша аспирантурада мамандар дайындалды. 1999-2010 жылдары қазақ әдебиеті кафедрасы Республикамызда 10.01.09-«Фольклортану» мамандығы бойыншағылыми диссертацияларды талқылайтын жетекші ұйым қызметін атқарды. Кафедра профессоры Ә.М.Молдаханов Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің жанындағы К14.44.03 Диссертациялық кеңестің мүшесі болды, оның жетекшілігімен бір кандидаттық диссертация қорғалды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы:

  • Олжабаев Бекарыс Кобланулы – кафедра меңгерушісі, магистр;
  • Пангереев Абат Шамович – ф.ғ.д. профессор;
  • Султангалиева Жанат Салимкереевна – ф.ғ.к., доцент;
  • Ташимбаева Сакыпжамал Жаяновна – аға оқытушы;
  • Кушкимбаева Айнур Серикбаевна – PhD доктор, доцент;
  • Улыкпанова Алия Жолдаскалиевна – аға оқытушы, магистр;
  • Обаева Гүльнара Сәдуақасқызы – аға оқытушы, магистр;
  • Мұхан Ақтоты Жансұлтанқызы – аға оқытушы, магистр;
  • Джубанова Гаухар Бактыбаевна – оқытушы, магистр;
  • Умирбаев Айбат Сидагытоллаевич – оқытушы, магистр.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы