Қазақ әдебиеті кафедрасы – Жетістіктер

Қазақ әдебиеті кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Жетістіктер

Кафедраның профессор-оқытушылары жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, ғылыми зерттеу мен шығармашылыққабаулумен қатар, қоғамдық шараларға белсене қатысып, бұқаралық ақпарат құралдарында келелі мәселелерге үн қосып отырады, соның нәтижесінде елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. ПОҚ құрамындағы айтулы марапат иелері:

  • ҚР білім беру ісінің үздіктері: Ә.М.Молдаханов, Б.Т.Бораш, А.М.Мұсаев, Ж.А.Асанов, А.З.Тілеуова;
  • «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері: Б.А.Ердембеков (2009), А.Ш.Пангереев (2013), Б.Т.Бораш (2014), А.М.Мұсаев (2014), М.Р.Балтымова (2015).
  • ҚР Журналистер одағының мүшелері: Ж.А.Асанов (1992), А.Ш.Пангереев (2014).
  • «Ақтөбе облысының жыл адамы» атағының иегері: Ә.М.Молдаханов (2006).
  • ҚР Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясының иегері: А.З.Тілеуова (2010-2011).

Қала әкімі И.С.Испанов кафедра доценті Ж.С.Сұлтанғалиеваны «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25жыл толуына орай өткізілген шығармашылық конкурсына белсене қатысқаны үшін» Алғыс хатпен марапаттады (Ақтөбе, 2016 ж.)

Университет ректоры Б.А.Ердембеков кафедра профессоры, сырттай оқу факультетінің деканы, ҚР Журналистер одағының мүшесі А.Ш.Пангереевке баспасөз күні мерекесіне орай университеттің тыныс-тіршілігі мен жетістіктерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шынайы түрде көрсете біліп, насихаттағаны үшін Алғыс хат тапсырды (Ақтөбе, 2017 ж.)

Республика күні мерекесі қарсаңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Бұйрығымен еліміздің экономикалық-әлеуметтік және рухани-мәдени дамуына зор үлес қосқаны үшін Жұбанов университетінің профессоры, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, профессор, филология ғылымдарының докторы Абат Шамұлы Пангереев “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы