Қазақ әдебиеті кафедрасы – Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

Қазақ әдебиеті кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

Кафедра дайындағанмамандықтар бойынша білім алған түлектер республикамыздың түкпір-түкіпірінде білім беру, журналистика және т.б. қоғамдық салаларда абыройлы қызмет етіп жүр. Олардың арасында Мемлекеттік тілді дамыту институтының ғылыми қызметкері, филол.ғ.к., доцент С.Итегулова, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің доценті, п.ғ.к. А.Мустояпова, Ақтөбе қаласындағы №15 орта мектеп директоры, қалалық мәслихат депутаты Г.Жұмабаева, №32 орта мектеп-гимназиясының директоры А.Джамбулова, Новый орта мектебінің директоры А.Қисықова, Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Н.Қонақбаева, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметі  директорының орынбасары – ресми өкілі О.Лоскутова, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі М.Сағынғанов, КТК телеарнасы Астана бюросының директоры Е.Сейілхан, Хабар 24 телеарнасы жаңалықтар бөлімінің продюсері Н.Туысбайұлы, «Ертегілер елінде» журналының бас редакторы Ә.Жүсіпова, С.Жиенбаев  атындағы облыстық  жасөспірімдер  кітапханасының директоры Г.Қалдина, айтыскер ақын Е.Қайболдинжәне т.б. бар.

Түлектер білім алған оқу ордасы – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне келіп, студенттермен араласып тұрады. 2015 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының түлектері өздерінің оқу бітіргендеріне 20 жыл толуының құрметіне орай университет айналасына 20 түп ағаш егіп, абаттандыру ісіне үлестерін қосты. Ал 2016 жылы университетіміздің құрылғанына 50 жыл толуына орай өткізілген «Түлектер» шеруіне арнайы келген «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының түлегі О.Лоскутова факультет  студенттерімен кездесіп, мамандықтың қыр-сыры туралы әсерлі сұхбат өткізді.

Университет түлегі О.Лоскутовамен кездесу

 

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы