Қазақ филологиясы кафедрасы – Кафедра тарихы
Қазақ филологиясы кафедрасы
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы
Кафедра тарихы
Кафедра бакалавриаттың 5 мамандығы және магистратураның 1 мамандығы, докторантураның 1 мамандығы бойынша мамандар дайындайды:
Бакалавриат:
- 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»;
- 5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»;
- 6B02304 – «Филология: қазақ филологиясы»;
- 6В02301 – «Цифрлық лингвистика»
- 6B01705 – «Қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті»
Магистратура:
- 7М02304-«Филология»
Докторантура:
- 8D02304 – «Филология»
КАФЕДРА ТУРАЛЫ
Қазақ филологиясы кафедрасы 1989 жылы университетте қазақ тілі мен әдебиеті мамандарын даярлау басталғанда ашылып, әр жылдары түрлі атауға ие болып келді. Кафедрада бүгінгі күні 7 филология ғылымдарының докторы, 12 филология ғылымдарының кандидаты, 2 РhD доктор, 21 ғылым магистрі, 10 аға оқытушы жұмыс жасайды.
Кафедраны әр жылдары филол.ғ.к., доцент Ж.Н.Нұржанова; пед.ғ.д., профессор Н.Ж. Құрманова; филол.ғ.д., профессор Ж.О.Тектіғұл; филол.ғ.д., профессор К.Қ.Садирова, филол.ғ.к., Ә.М.Молдаханов (1990-1992, 1999-2006);филол.ғ.д., профессор Б.Т.Бораш (1992-1998);филол.ғ.к., доцент С.Ж.Бермағанбет (1998-1999);филол.ғ.д., профессор А.Ш.Пангереев (2006-2015), филол ғ.к., дорцент М.Р.Балтымова, доцент А.Қ.Айтбенбетова басқарды. Қазір филол.ғ.к., доцент Қарағұлова Б.С. басқарып келеді.
2004-2010 жылдары кафедра жанынан ашылған 10.01.02-«Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша аспирантурада мамандар дайындалды. 1999-2010 жылдары қазақ әдебиеті кафедрасы Республикамызда 10.01.09-«Фольклортану» мамандығы бойынша ғылыми диссертацияларды талқылайтын жетекші ұйым қызметін атқарды. Кафедра профессоры Ә.М.Молдаханов Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің жанындағы К14.44.03 Диссертациялық кеңестің мүшесі болды, оның жетекшілігімен бір кандидаттық диссертация қорғалды.
Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы