Қазақ филологиясы кафедрасы – Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

Қазақ филологиясы кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

Кафедра тарихы бай, біздің еліміздегі ғылыми-педагогикалық кадрлардың нағыз ұстаханасы. Кафедра дайындағанмамандықтар бойынша білім алған түлектер республикамыздың түкпір-түкіпірінде білім беру, журналистика және т.б. қоғамдық салаларда абыройлы қызмет етіп жүр. Олардың арасында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қолданбалы лингвистика басқармасының басшысы, ф.ғ.к., доцент С.Итегулова, Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы С.И.Жайық, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің кафедра меңгерушісі, доценті, п.ғ.к. А.Мустояпова, Ақтөбе қаласындағы №15 орта мектеп директоры, қалалық мәслихат депутаты Г.Жұмабаева, №32 орта мектеп-гимназиясының директоры А.Джамбулова, №39 қазақ орта мектебінің директоры А.Қисықова, Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Н.Қонақбаева, “Хабар 24” жаңалықтар жүргізушісі А.Қ.Әбілқайыр, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі О.Лоскутова, журналист, медиаменеджер, «TUMAR», «URKER» премияларының иегері, бас редакторлар клубының жауапты хатшысы Б.Бөкенбай, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Қалалық, облыстық мүшәйралардың жүлдегері И.М.Кереева, «Сұрауы бар» жобасының жетекшісі, «Парламент сөзі» сыйлығының иесі Е.Х.Сейілхан, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі  Р.Елжанов, «Қазақстан-Ақтөбе» телекомпаниясының шеф-редакторы Б.Е.Биманова, «Астана» ТВ арнасында арнайы жобалар бөлімінің басшысы  Ә.Құламан, «Балапан» арнасындағы мультихикаялар авторы, жазушы А.Жақсылық, Хабар 24 телеарнасы жаңалықтар бөлімінің продюсері Н.Туысбайұлы, «Ертегілер елінде» журналының бас редакторы Ә.Жүсіпова, С.Жиенбаев  атындағы облыстық  жасөспірімдер  кітапханасының директоры Г.Қалдина, айтыскер ақын Е.Қайболдинжәне т.б. бар.

Түлектер білім алған оқу ордасы – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне келіп, студенттермен араласып тұрады. 2015 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының түлектері өздерінің оқу бітіргендеріне 20 жыл толуының құрметіне орай университет айналасына 20 түп ағаш егіп, абаттандыру ісіне үлестерін қосты. Ал 2016 жылы университетіміздің құрылғанына 50 жыл толуына орай өткізілген «Түлектер» шеруіне арнайы келген «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының түлегі О.Лоскутова факультет  студенттерімен кездесіп, мамандықтың қыр-сыры туралы әсерлі сұхбат өткізді.

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы