Қазақ филологиясы кафедрасы – Жетістіктер

Қазақ филологиясы кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Жетістіктер

Кафедраның профессор-оқытушылары жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, ғылыми зерттеу мен шығармашылыққабаулумен қатар, қоғамдық шараларға белсене қатысып, бұқаралық ақпарат құралдарында келелі мәселелерге үн қосып отырады, соның нәтижесінде елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. ПОҚ құрамындағы айтулы марапат иелері:

  • ҚР білім беру ісінің үздіктері: Ә.М.Молдаханов, Б.Т.Бораш, А.М.Мұсаев, Ж.А.Асанов, А.З.Тілеуова;
  • «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері: Б.А.Ердембеков (2009), А.Ш.Пангереев (2013), Б.Т.Бораш (2014), А.М.Мұсаев (2014), М.Р.Балтымова (2015).
  • ҚР Журналистер одағының мүшелері: Ж.А.Асанов (1992), А.Ш.Пангереев (2014).
  • «Ақтөбе облысының жыл адамы» атағының иегері: Ә.М.Молдаханов (2006).
  • ҚР Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясының иегері: А.З.Тілеуова (2010-2011).

ҚР Білім және ғылым минстрі А.Б.Сәрінжіповтің кафедра меңгерушісі М.Р.Балтымоваға «ЖОО үздік оқытушысы – 2015» төсбелгісі мен сертификатын табыстау сәті (Астана, 2016 ж.)

Факультет деканы С.С.Мұхтаров кафедра профессоры Б.Т.Борашқа «Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ге 50 жыл» мерекелік медалін табыстады (Ақтөбе, 2016 ж.)

Қала әкімі И.С.Испанов кафедра доценті Ж.С.Сұлтанғалиеваны «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25жыл толуына орай өткізілген шығармашылық конкурсына белсене қатысқаны үшін» Алғыс хатпен марапаттады (Ақтөбе, 2016 ж.)

Университет ректоры Б.А.Ердембеков кафедра профессоры, сырттай оқу факультетінің деканы, ҚР Журналистер одағының мүшесі А.Ш.Пангереевке баспасөз күні мерекесіне орай университеттің тыныс-тіршілігі мен жетістіктерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шынайы түрде көрсете біліп, насихаттағаны үшін Алғыс хат тапсырды (Ақтөбе, 2017 ж.)

Студенттер мен магистранттар профессор-оқытушылардың жетекшілігімен халықаралық, республикалық ғылыми жұмыс конкурстарына ұдайы қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап айтқанда, кафедра оқытушыларының жетекшілігімен орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстары ҚР БҒМ жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына арналған республикалық байқау жүлдегерлері атанды.

6М020500-Филология мамандығының 2 курс магистранты Ақзер Сугралина профессор Б.Т.Бораштың жетекшілігіменорындалған «Еуропа халықтары әдебиетіндегі қазақ хандары бейнесі» жобасы үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (Алматы, 2015 ж.)

5В020500-Филология: қазақ филологиясы мамандығының 4 курс студенті Мұстафа Шохаев филол.ғ.к., қауымд. профессор (доцент) М.Р.Балтымованың жетекшілігімен орындалған «Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы хандар тұлғасының көркем бейнеленуі»жобасы үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (Алматы, 2016 ж.)

Кафедраның профессор-оқытушылары жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, ғылыми зерттеу мен шығармашылыққа баулумен қатар, қоғамдық шараларға белсене қатысып, бұқаралық ақпарат құралдарында келелі мәселелерге үн қосып отырады, соның нәтижесінде елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді.

Кафедраның  7 оқытушы-ғалымы  ҚР  БжҒМ  «ЖОО-ның  үздік  оқытушысы» грантының иегері:

Тектіғұл Ж.О.(2009 ж.);

Садирова К.Қ. (2012 ж.);

Исакова С.С. (2013 ж.);

Пангереев А.Ш. (2014);

Балтымова М.Р. (2015);

Бораш Б.Т. (2014);

Карагулова Б.С. (2019 г.);

  • ҚР Президентінің “Болашақ” Халықаралық стипендиясының иегері: Тектіғұл Ж.О., Мұратбек Б.Қ. (2010-2011);
  • Ресей жаратылыстану Академиясының мүше-корреспонденті ғылыми атағының иегері: Тектіғұл Жанна Орынбасарқызы (2013);
  • Қазақстан Педагогика ғылымдары Академиясының академигі: Шоқым Гүлжан Тыныштықбайқызы (2015);
  • «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегерлері: Тектіғұл Жанна Орынбасарқызы, Мұхтаров Сабыржан Сағидолдаұлы;
  • ҚР БжҒМ Құрмет грамотасы: Исакова Сәбира Сағынбекқызы (2009);
  • «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері»: Сәдуақас Нұрбол Әбділдаұлы, Мұхтаров Сабыржан Сағидолдаұлы;
  • ҚР білім беру ісінің үздіктері: Айтбенбетова Айгүл Кадыржанқызы, Молдабаева Зухра Мейрамбекқызы;
  • Желтоқсан 30 жылдығына естелік медаль: Мұратбек Бағила Құрманбекқызы;
  • «А.Байтұрсынұлы атындағы төсбелгі»: Қарағұлова Балгенже Сағидолдақызы;

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары  бойынша жарық көрген еңбектер:

  • 37 монография (Тектіғұл Ж.О., Пангереев А.Ш., Ниязова Ғ.М., Садирова Г.Қ., Исакова С.С., Айтбенбетова А.К., Баймұханов Б.Ш., Садуақас Н.Ә., Мұратбек Б.Қ., Қарағұлова Б.С., Миров М.О. т.б.);
  • ҚР БҒМ РОӘК ОӘБ бекіткен оқу құралдары (Тектіғұл Ж.О., Садирова Г.Қ., Исакова С.С., Садуақас Н.Ә., Қарағұлова Б.С., Мұратбек Б.Қ., Шоқым Г.Т., Айтбенбетова А.К., Күштаева М.Т., Есенова Г.С., Құлтанбаева Н.К.);
  • 13-тен астам электронды оқу құралдары (Тектіғұл Ж.О., Садирова Г.Қ., Исакова С.С., Айтбенбетова А.К., , Қарағұлова Б.С., Шоқым Г.Т., Есенова Г.С., Құлтанбаева Н.К., Молдабаева З.М., Әбдірова З.М.);
  • 118-ден астам оқу-әдістемелік еңбектер;
  • 2000-нан астам қазақ, орыс, ағылшын, латын, араб тілдерінде Қазақстан және шетел басылымдарында жарияланған кафедра оқытушыларының ғылыми, әдістемелік, публицистикалық мақалалары;

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы