Қазақ филологиясы кафедрасы – Оқу және ғылыми қызметі

Қазақ филологиясы кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Оқу және ғылыми қызметі

Жоғары және арнаулы оқу орындарында, орта мектепте қазақ тілін оқыту әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту; тілді оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану; білім беру мекемелерімен байланысты қалыпты жолға қою және нығайту; оқытушылардың кәсіби тәжірибе алмасуын ұйымдастыру мақсатында кафедра ұжымы дәстүрлі түрде ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізеді. Аталған семинарларға Республикадағы жоғары оқу орындарының, арнаулы орта оқу орындарының, облыс және қала мектептерінің ұстаздары, білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты, бұл – ұжымның кәсіби бағдар беру жұмысының жарқын үлгісі.

Көне түркі (руна) жазуы құпиясының ашылғанына 120 жыл толуына орай

«Көне түркі жазуы – биік өркениет белгісі» атты республикалық семинар

Сонымен қатар профессор-оқытушылардың ұйымдастыруымен өңірдің ақын-жазушыларының, зиялы қауым өкілдерінің, мұғалімдердің, студенттер мен магистранттардың қатысуымен оқырмандар конференциялары, әдеби кештер, кездесулер өткізіледі.

РФ, Башқұрт Республикасының ғалымдарымен бірлестікте «Когнитивно-сопоставительное описание языковых единиц» (Исакова С.С., Мухтаруллина А.Р.,

Садирова К.Қ., көлемі – 277 с. Ақтөбе-Уфа, 2015ж.) ұжымдық монографиясы жарияланып пайдаланылуда.

Кафедраның оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары  бойынша жарық көрген еңбектер:

  • Садирова К.Қ, Түркі тілдері синтаксисінің зерттелуі (қазақ, башқұрт, татар тілдері материалдары негізінде). – Оқу құралы. Баспаға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің РОӘК «Білім» тобындағы мамандықтары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігі ұсынған. №2 хаттама 20.05.2016 – ISBN 978-601-7388-78-2. Көлемі – 153 б;
  • К.К.Садирова, «Онтопсихолингвистика» электронды оқу құралы // Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлік №1975. -2019 жыл 26 ақпан (Авторлық бірлестікте: А.М.Байганова,З.М. Молдабаева),
  • К.К.Садирова, «Жұбановтар» мультимедиалық энциклопедиясы // Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлік №1974. 2019 жыл 26 ақпан (Авторлық бірлестікте: Ж.С.Тілеумұратова, Б.Ж.Құрманова, Г.Оқасова, Ә.Сәдірова, Ш.Абдирова),
  • К.К. Садирова, «Жұбановтар әлемі» виртуалды мұрағат-мұражайы. Деректер базасы. // Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлік №7379. -2019 жыл 31 желтоқсан (Авторлық бірлестікте: А.М.Байганова, М.О.Миров),
  • К.К.Садирова, Дискурсология мәселелері. Монография. Ақтөбе: «Колибри» баспасы, 2019. – 200 б. – 12,5 б.т.,
  • К.К.Садирова, Жаңартылған білім беру – қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында (оқу-әдістемелік құрал) // Ақтөбе: «АзИС» полиграфиясы,  -12,5 б.т. (Авторлық бірлестікте: А.С.Кушкимбаева, Г.К.Тәңірбергенова, Г.Қ.Ораз),
  • Ж.О.Тектіғұл, К.К.Садирова, Ономастикалық дискурс: мифологиялық аспект. Ақтөбе: Литер-А, 2022. 193-б.
  • К.К.Садирова, Қазақстан мифофитонимдері (үш тілді иллюстрациялы мифосөздік (2-том). Құрастырушылар: Ж.О.Тектіғұл, В.Ж.Исламгалиева, Ш.Г.Әбдірова, Р.Б.Жазықова, А.Б.Баядилова – Алтыбаева, П.С.Сыдық. – Актобе: «Литер-А», 2023. – 143б.,
  • Ж.О.Тектіғұл, General linguistics – электрондық оқулық. (Авторлық куәлік №,4140. 20. Маусым. 2019),
  • Ж.О.Тектіғұл, Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (Оқу құралы. РУМС). Алматы: Эверо, 2020. – 268 б. 16,75 б.т.,
  • Ж.О.Тектіғұл, Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (электронды оқулық), (Авторлық куәлік № 10361, 2020 жылғы «28» мамыр), Ақтөбе, 2020,
  • Ж.О.Тектіғұл, Мифологиялық сөздік. Қазақстан мифоантропонимдері, Ақтөбе: Ақтөбе: Литер-А.- 2022, 16,25 б.т. 260 б. (Авторлық бірлестікте),
  • T.Shokym, B.A.Yerdembekov, Ismet Biner QAZAQ TİLİ GRAMMATIKASI
  • (śeteldik studentterge arnalǵan) (қазақ-түрік тіліндегі оқу құралы) /Стамбул: 2019. − 216  бет. ISBN 978 – 605 – 7604,
  • T. Shokym Gender linguistics (РОӘК бекіткен ағылшын тіліндегі оқу құралы) /Gender linguistics: Educational manual/ − Almaty: TechSmith, 2020. − 160 page. (10 б.т),
  • Б.С.Қарағұлова, Аударманың теориясы мен практикасы. Оқу құралы. Баспаға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің РОӘК «Білім» тобындағы мамандықтары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігі ұсынған. № 2 хаттама 20.05.2016. –Алматы, 2016. – 156 б;
  • Б.С.Қарағұлова, Қазақ тіліндегі көнерген сөздердің электронды түсіндірме сөздігі /Авторлық куәлік  15 тамыз 2019 жыл  № 4921 авторлық куәлік.-  Астана, 2019,
  • Б.С.Қарағұлова, Қазақ тіліндегі көнерген сөздердің этнолингвистикалық сипаты. – Ақтөбе, 2019 / Монография. -133бб. (8,5 б.т.),
  • Б.С.Қарағұлова, Неология саласының негіздері. Ақтөбе, 2020/ оқу құралы. (РУМС №1 хаттама, 12.11.2019) – 122 б. (7,6 б.т),
  • Б.С.Қарағұлова, Н.А.Садуақас, «Жұбановтану» Қарағанды, 2022 (РУМС № хаттама, 09.04.2021) – 342бет. (21,38 б.т.),
  • А.К.Айтбенбетова «Көркем шығарманың лингвостилистикасы» (монография),
  • Б.Қ.Мұратбек, А.К.Айтбенбетова «Қазақ тілінің практикалық стилистикасы» оқу-әдістемелік құрал,
  • А.К.Айтбенбетова, «Қазақ тілі» оқу құралы Түркия мемлекеті,  «Қазақ әдеби тілінің тарихы» хрестоматия (латын негізді графика бойынша),
  • Б.Қ.Мұратбек, Қ.Жұбанов университеті баспасы 2019, Қазақ тілінің стилистикасы.Оқу құралы. ҚР БжҒМ грифімен (бірлестікте),
  • Б.Қ.Мұратбек, 2021. Қазақ-түрік тілдері ортақ лексикасының салыстырмалы сөздігі. Алматы Және Түркия «Bilim kurumy» баспаларынан шықты. Түркияның 5 ЖОО-ында қолданыста, «Қазақ тілінің стилистикасы» жаттығулар жинағы. 2-бөлім (толықтырылып, өңделген 3-басылымы).
  • Н.А.Садуақас, К.Ә.Қондыбай, Ш.Г.Әбдірова, Қазақ тілі пәні мұғалімінің кәсіби дамуы. Оқу құралы. Алматы: Эвро, 2019. 155 б.
  • Н.А.Садуақас, М.О.Миров, Қазақ әліпбиін латын таңбасына көшіру. Оқу құралы. -Türkiye – Mersin: Mer Ak Mersin Akademi, 2021.136 б. (Қазақ, түрік, ағылшын тілдерінде үш кітап болып шығарылды)
  • Н.А.Садуақас, А.С.Кушкимбаева, Қазақ  әліпбиінің тарихы  (Оқу құралы).   Алматы:  «Medet Group» ЖШС, 2021. 260 б.

Оқытудың жаңа технологиясын сабақ үдерісіне енгізу үздіксіз орындалып келе жатыр. Кафедра бойынша сабақ ұйымдастыруға арналған барлық ғылыми, ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік әдебиеттердің электронды нұсқалары жинақталынып, университеттің электронды кітапханасында, оқу залында сақтаулы. Олар студенттер үшін қолжетімді. Бейнедәрістер қатарында  Республикаға танымал іргелі оқу орындарымен бірлесе өткізілген онлайн сабақтардың бейнежазбасы да бар, атап айтсақ  А.Қ. Айтбенбетова  «Қазақ тілі мен әдебиеті»  мамандығында «Тілдік қатынас негіздері» пәнінен «Тіл және таңба» тақырыбында ашық практикалық сабағын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ҚТОМҚТӘ мамандығының 401 тобымен бірге онлайн режиминде өткізді.

Білім алушылардың қатысуымен жүргізілетін ғылыми зерттеулердің аясын кеңейту мақсатында кафедрада проблемалық топтар жұмысын жүргізеді:

      1. «Ғылым қайнары», «Сөзтану мәселелері» ғылыми үйірмелерінің жетекшісі – Б.Қ.Мұратбек;
      2. «Жас лингвист» ғылыми үйірмесінің жетекшісі – А.К.Айтбенбетова.

«Ғылым қайнары» ғылыми қоғамы 1-курс студенттерін мүшелікке қабылдануы

Әдістемелік семинарлар

Қазіргі педагогикалық оқыту технологияларын пайдалану тәжірибесін зерттеу мен тарату мақсатында кафедраның ұйымдастыруымен халықаралық және республикалық, университетішілік әдістемелік семинарлар дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

Атап айтқанда кафедрада дәстүрлі түрде «Жұбанов тағылымы» ғылыми конференциясы, «Дискурс теориясының өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми конференциясы дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. М. Акмулла атындағы  Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті және Башқұрт мемлекеттік  университетімен ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары бойынша онлайн байланыста бірлескен семинарлар өкізіледі.

«Жұбановтар сөйлейді» IX Халықаралық ғылыми конференциясы

«Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығының ашылуына Құдайберген Жұбановтың ұрпақтары мен туыстары, шетелдік қонақтар, зиялы қауым өкілдері,  университет ұжымы мен мектеп оқушылары қатысты.

«Латын әліпбиі: гуманитарлық ғылымдар және әлемдік интеграция» тақырыбында ғылыми конференциясы

«Тілдік білім берудегі қазіргі заманғы үрдістер» тақырыбындағы университетішілік әдістемелік семинар

«Жаңартылған білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрларды даярлау» тақырыбында әдістемелік семинар

Н.Байғанин атындағы ескерткішінің ашылу салтанаты

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары:

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: тіл білімінің тарихы мен теориясы, салыстырмалы тіл білімі, салғастырмалы лингвистика, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, дискурсология, тіл философиясы, психолингвистика, этнолингвистика.

Кафедрада дәстүрлі түрде «Жұбанов тағылымы» ғылыми конференциясы, «Дискурс теориясының өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми конференциясы дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. М.Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық      университеті және Башқұрт мемлекеттік университетімен ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары бойынша онлайн байланыста бірлескен семинарлар өткізіледі.

«Жұбанов тағылымы-2019» халықаралық ғылыми  конференциясынан

Профессор-оқытушылардың ғылыми-зерттеу тақырыптары

Ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық орталығынан мемлекеттік тіркеуден өткен, нақты атасақ:

  • К.К.Садирова. Қазақ дискурсының ерекшеліктері / Особенности казахского дискурса. Мемлекеттік тіркеу номері 0112РК02095. Мерзімі – 01.2012-01.2017;
  • С.С.Мұхтаров.    Қазақ тіліндегі сөздердің семантикалық-құрылымдық жіктелуі (сөз таптары)/ Семантическо-структурная классификация слов казахского языка. Мемлекеттік тіркеу номері 0115РК00160. Мерзімі – 02.14. – 05.17
  • С.С.Исакова, А.Т.Шетиева, М.Р.Балтымова, М.Т.Куштаева. Мәтінді зерттеудің филологиялық мәселелері/Филологические проблемы исследования текста. Мемлекеттік тіркеу номері 0015РК002833. Мерзімі –01.10.2015-01.10.2018;
  • Б.С.Қарағұлова. Қазақ тіліндегі сөз мағыналарының эволюциясы, тіл тарихы/ Эволюция значения слов в казахском языке, история языка. Мемлекеттік тіркеу номері 011РК00161. Мерзімі – 02.14-05.20;

Жұбанов олимпиадасы – 2020

Халықаралық ынтымақтастық аясында Іле педагогикалық университеті (Құлжа қ., ҚХР), М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Москва қ., Ресей), Ресей Ғылым Академиясы Уфа ғылыми орталығының Тарих, тіл және әдебиет институты (Уфа қ., Ресей), М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті (Уфа қ., Ресей), Башқұрт Мемлекеттік университеті (Уфа қ., Ресей), Черкесск ғылыми-зерттеу институты (Черкесск қ., Ресей), Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университеті (Набережные Челны қ., Ресей), Уральск мемлекеттік педагогикалық университеті (Екатеринбург қ., Ресей), Орынбор мемлекеттік университеті (Орынбор қ., Ресей), Ресей-Тәжік (славян) университеті (Душанбе қ., Тәжікстан), Қырғыз-Ресей Славян университеті (Бішкек қ., Қырғызстан) ғалымдарымен тығыз байланыс орнаған.

Ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық аясында ф.ғ.д., профессор К.Қ. Садирова Қытай Халық Республикасы Құлжа қаласында Іле педагогикалық университетінде ғылыми тағлымдамадан өтіп, студенттерге «Түрі тілдері синтаксисінің зерттелуі» курсы бойынша дәріс оқыды. Сонымен қатар, Башқұрт мемлекеттік университетінде профессор К.Қ.Садирова «Қазақ-башқұрт тілдеріндегі фразеологизмдердің этномәдени сипаты» тақырыбында дәріс оқыса, аталған университетте профессор С.С. Исакова «Когнитивтік лингвистика» бойынша дәріс оқыды. «Болашақ» халықаралық бағдарлама стипендиясының иегерлері Ж.О.Тектіғұл, К.Ә. Қондыбай, Б.Қ. Мұратбек Польша Республикасының Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп келді. Профессор, ф.ғ.д. Г.Т.Шоқым  ҚХР Синьзян қаржы-экономикалық университетіндегі Тілдер институтында «Тіл теориясы және лингвомәдениеттану бағыттары» бойынша дәріс оқыды. Сонымен қатар, доцент, ф.ғ.к. Б.Қ.Мұратбек Түркия мемлекетінде Кастамону университетінде және Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында Ә.Науаи атындағы «Өзбек тілі және әдебиеті» университетінде дәріс оқып келді. Филология ғылымдарының докторы, профессор Мухтаруллина Айгуль Райсовна, Көркем мәтінді лингвистикалық талдау (25 сағат), Дискурс талдау теориясы пәні бойынша (50 сағат), 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті», 3 курс, 5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 3 курс студенттеріне шетелдік академиялық ұтқырлық аясында дәріс оқыды.

Академиялық ұтқырлық аясында шақырылған шетелдік ғалымдар, атап айтқанда, Қытай Халық Республикасы Құлжа қаласы Іле педагогикалық университетінен доцент Әбдіхалық Оспанқарыұлы, Ресейден М.Л.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Назаренко Алла Леонидовна, Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасы Башқұрт мемлекеттік университетінің профессоры Мухтаруллина Айгуль Райсовна, Стерлитамак университетінен доцент Хусаинова Ляйля Мидхатовна, башқұрт филологиясы факультетінің декан орынбасары, доцент Валиева Гульназ Дауратовна, Қырғыз Республикасы М. Карасаев атындағы Бишкек гуманитарлық университетінің доценті Садыралиева Гулшан Эркинтуровна, Үндістанның Джамму университетінен профессор Парикшат Синг Манхастың, Түркияның Анкара университетінен доцент Пириева Севиль, Пермь техникалық университетінің профессоры Гейхман Любовь Кимовна, Стамбул университетінің профессоры Бинер Исмет мазмұнды ой-тұжырымдарымен бөлісіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары бойынша курстар оқыды. Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті»  мамандығында Қытай Халық Республикасы Құлжа қаласында орналасқан Іле педагогикалық университетінің студенттері дәріс алды.

Кастамону университетінің  PhD докторы Самет Азаптың  

«Жалпы тіл білімі» пәнінен өткізген дәрісі

«Латын әліпбиі – түркі дүниесінің бірлігі» атты халықаралық семинар

Ф.ғ.д., Стамбул университетінің профессоры Бинер Исмет «Түркі елдерінде латын графикасын енгізу тәжірибесі» халықаралық семинарын өткізуде

 

Электрондық оқу ресурстарын әзірлеу және жариялау


Кушкимбаева Айнур Серикбаевна

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:

Садирова Кулзат Каниевна

Электрондық ресурстар – бейнелекциялар:

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы