Қазақ филологиясы кафедрасы – Жетістіктер

Қазақ филологиясы кафедрасы


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы


Жетістіктер

Кафедраның профессор-оқытушылары жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, ғылыми зерттеу мен шығармашылыққа баулумен қатар, қоғамдық шараларға белсене қатысып, бұқаралық ақпарат құралдарында келелі мәселелерге үн қосып отырады, соның нәтижесінде елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. ПОҚ құрамындағы айтулы марапат иелері:

  • Ж.О.Тектіғұл, Б.Қ. Мұратбек, Ғ.Т.Әребаев – ҚР Президентінің “Болашақ” Халықаралық стипендиясының иегерлері;
  • Ж.О.Тектіғұл – Ресей жаратылыстану Академиясының мүше-корреспонденті ғылыми атағының иегері; Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін төс белгісі; Отандық ғылымды дамытудағы жетістіктері үшін В.И.Вернадский атындағы медалінің иегері; «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің құрметті профессоры»; Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін алғыс хат;
  • К.К.Садирова – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасы (2019), ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы (Нұр-Сұлтан, 2019); Ақтөбе облыс әкімі О.Оразалиннің алғыс хаты (2019); 2020 жылы «Университетті дамытудағы еңбегі үшін» медалі (Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Ғылыми кеңесінің 30 қыркүйектегі № 3 хаттама шешімімен КУӘЛІК №74);
  • Г.Ш.Шоқым – Қазақстан Педагогика ғылымдары Академиясының академигі; «Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  Құрмет грамотасы. Астана қ., 2023 жыл;
  • Ж.О.Тектіғұл, С.С.Мұхтаров – «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегерлері;
  • С.С. Исакова – ҚР БжҒМ Құрмет грамотасы;
  • Н.А.Сәдуақас, С.С.Мұхтаров – «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері»;
  • Н.А.Сәдуақас – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ақтөбе облысында жүзеге асырылуына белсенді атсалысқаны үшін алғыс хат; Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалиннен Құрмет грамотасы; «Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай тіл саласын дамытуға қосқан үлесі үшін»  ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловадан алғыс хат;
  • М.Т.Куштаева – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын білім беру ұйымдарының педагогтарын кеңінен насихаттау мақсатында «Дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту» жобасы аясында өткен «Қазақстанның еңбек сіңірген педагогі -2020» атты республикалық байқауында І дәрежелі диплом; ҚР Ақтөбе облысының әкімдігінен алғыс хат;
  • А.А.Айтбенбетова, З.М.Молдабаева – ҚР білім беру ісінің үздіктері;
  • Б.Қ.Мұратбек – Желтоқсанның 30 жылдығы естелік медалі; «Серпін бағдарламасын жүзеге асырудағы еңбегі үшін» алғыс хат; Халықаралық ынтымақтастық орталығында «Қазақ тілі» жазғы тілдік лагерді өткізгені үшін алғыс хат; Халықаралық ынтымақтастық орталығында «Қазақ тілі» жазғы тілдік лагерді өткізгені үшін алғыс хат;
  • Б.С.Қарағұлова – «А.Байтұрсынұлы атындағы төсбелгі», Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы;
  • А.Қ.Айтбенбетова – «Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-нің үздік әдіскер-оқытушысы-2021»;
  • А.А.Иманғазина, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы (2022).

ҚР Президентінің “Болашақ” Халықаралық стипендиясының 2023 жылғы иегері –  Ғ.Т.Әребаев Мичиган мемлекеттік университетінде (АҚШ) ғылыми тағылымдамадан өтуде

Студенттер мен магистранттар профессор-оқытушылардың жетекшілігімен халықаралық, республикалық ғылыми жұмыс конкурстарына ұдайы қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап айтқанда, кафедра оқытушыларының жетекшілігімен орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстары ҚР БҒМ жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына арналған республикалық байқау жүлдегерлері атанды. Олар:

  • Туралы Толганай Жанажылкызы – Башқұртстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ІІ дәрежелі Құрмет грамотасы.Башқұртстан республикасы, Уфа, 17.02.2023 (жетекшісі Ж.О.Тектіғұл),
  • Касымбекова Айгерим Асхаткызы, – Башқұртстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ІІІ дәрежелі Құрмет грамотасы.Башқұртстан республикасы, Уфа, 21.02.2022 (жетекшісі Ж.О.Тектіғұл);
  • Шаңдыбай Райгүл Айдосқызы – А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізілген «Ел бүгіншіл, менікі ертеңі үшін» атты республикалық конкурстың «Эссе»  номинация бойынша ІІ дәрежелі диплом, Талдықорған, 2022 ж (жетекшісі Б.С.Қарағұлова);
  • Зиноллаева Аяжан – Жылдың ең үздік ғылыми жобасы конкурсында І орын (жетекшісі А.А.Айтбенбетова, 2020 ж);
  • Байзақ Өмірзақ –Жылдың ең үздік ғылыми жобасы конкурсындаІІ орын (жетекшісі А.А.Айтбенбетова, 2020ж);
  • Сламова Қаракөз – «Р.Әмідің шығармашылық әлемі» атты Республикалық интеллектуалдық-танымдық байқауында 2-орын, 20000 теңге сыйақы (жетекшісі А.А.Айтбенбетова, 2020ж); т.б.

Кафедраның  4 оқытушы-ғалымы  ҚР  ҒжЖБ  «ЖОО-ның  үздік  оқытушысы» грантының иегерлері:

Тектіғұл Ж.О.(2009 ж.);

Садирова К.Қ. (2012 ж.);

Исакова С.С. (2013 ж.);

Карагулова Б.С. (2019 ж.);

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары  бойынша жарық көрген еңбектер:

  • 37 монография (Ж.О.Тектіғұл, Г.Т.Шоқым, К.К.Садирова, С.С.Исакова, А.К.Айтбенбетова, Н.Ә.Садуақас, Б.Қ.Мұратбек, Б.С.Қарағұлова, М.О. Миров, А.А.Имангазина, т.б.);
  • ҚР БҒМ РОӘК ОӘБ бекіткен оқу құралдары (Ж.О.Тектіғұл, К.К.Садирова, С.С.Исакова, Г.Т.Шоқым, Н.Ә.Садуақас, Б.Қ.Мұратбек, Б.С.Қарағұлова, А.К.Айтбенбетова, М.Т.Күштаева, Г.С.Есенова, Н.К.Құлтанбаева);
  • 15-тен астам электронды оқу құралдары (Ж.О.Тектіғұл, Г.Т.Шоқым, К.К.Садирова, С.С.Исакова, Б.С.Қарағұлова, А.К.Айтбенбетова, Г.С.Есенова, Н.К.Құлтанбаева, З.М.Молдабаева, Ш.Г.Абдирова);
  • 120-дан астам оқу-әдістемелік еңбектер;
  • 2000-нан астам қазақ, орыс, ағылшын, латын, араб тілдерінде Қазақстан және шетел басылымдарында жарияланған кафедра оқытушыларының ғылыми, әдістемелік, публицистикалық мақалалары;

Гранттық жобалар:

  1. Мемлекеттік грант негізінде «Ономастикалық дискурс: мифологиялық аспекті» тақырыбындағы ғылыми жоба (жоба жетекшісі: К.К.Садирова, жоба мүшелері: Ж.О.Тектіғұл, Ш.Г.Абдирова, 8D02304-Филология ББ докторанты: Р.Б.Жазықова, П.Сыдық).
  2. Мемлекеттік грант негізінде «Әзіл-оспақ дискурсындағы этникалық стереотиптер мен күлкі категориясы: салғастырмалы аспекті» (жоба жетекшісі: Н,К.Құлтанбаева, жоба мүшелері: С.С.Исакова, Г.Г.Ермекбаева, 8D02304-Филология ББ докторанты: А.С.Тухтарова, Н.Е.Қартжан, Ж.А.Жетесова).
  3. Мемлекеттік грант негізінде «Қазақстан Республикасының өңірлік жоғары оқу орнында болашақ педагогтерді оқытудың зерттеушілік моделін (RBL) енгізу» » (жоба жетекшісі: Г.Г.Ермекбаева).
  4. Г.Т.Шоқым, IVLP Халықаралық ынтымақтастық көшбасшы гранты (АҚШ Мемлекеттік департаменті және Қазақстандағы АҚШ Елшілігі қолдауымен,2020 ж.)

Гранттық жоба іссапарларынан

 


Кафедра тарихы
Оқу және ғылыми қызметі
Материалдық-техникалық база
Жетістіктер
Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы